Untitled Document

Денсаулық... Сүт безі қатерлі ісігі емделе ме? (2)

Сүт безі қатерлі ісігі емделеді. Бастысы, оны дер кезінде анықтап, ем тағайындау керек. Ішкі түйсігі мықты, жауапкершілігі бар әйелдер “осы бірдеңе дұрыс емес-ау” деп бірден өзі бірінші кезеңде келіп жатады. Бұл, әрине, жоғарыда айтылған кеңестерді тыңдап кеудесін үнемі бақылап отыратындар. Болмаса, скрининг арқылы ісікті аурудың бірінші кезеңінде-ақ анықтауымыз мүмкін. Осындай әйелдер санын жалпы қыз-келіншектердің 80-90%–іне жеткізуіміз керек. Сонда елде сүт безі қатерлі ісігінен өлім болмайды. Бізде, өкінішке қарай, әлі тегін скринингке шақырудың өзі қиын болып тұр. Ел әлі өзін дұғамен, “Құдай сақтасынмен” емдеп жүр.  

Әйелдер көп нәрсені білмейді. Денсаулығында ақау барын сезген күннің өзінде балгер аралап, ісіктің үшінші кезеңіне өтіп кеткенде келіп жатады. Мұндай жағдайда да көмектесе аламыз. Тек ауырып, ем іздеп әлек болғаннан, организмді химиямен улағаннан гөрі ісікті алдын ала анықтап, зиянсыз ем тағайындаған дұрыс.

Қаралуды бастайтын жас

20 жастан асқан қыз-келіншектер міндетті түрде жылына бір рет маммологқа қаралып тұруы керек. Еліміздің кез келген емханасында маммологтар тегін қабылдайды. Шағымыңыз болмаса да, жылына бір рет бір күн арнап, сүт безін ультрадыбыстық зерттеуден өткізу керек. Ал 40 жастан асқан әйелдерге міндетті түрде екі жылда бір рет маммографиялық скрининг жасалады. Скрининг — сау халықты тексергеннен кейін симптомыз ісікті анықтау үшін енгізілген шара. Қазақстанда 2008 жылдан бастап 40-70 жас аралығындағы әйелдерге 2 жыл сайын емхана рентгенологы мен онкология мамандары тексерісінен өту міндеттелді. Күдік тудыратын жағдайлар болса, жоғары институт мамандарына жолдама беріледі. Кейін арнайы ем тағайындалады. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031