Жалғасы... Тәңіршілдік (2)
Тарихи деректер бойынша VIII ғасырдың ортасынан бастап қазақ даласына ислам дінінің келуімен түркі халықтарының арасында бұрын-соңды болмаған өрлеу мен даму басталды. Қалалар пайда болды, кітапханалар, ауруханалар, мешіттер, базарлар салынды. Өркениет пен мәдениет қарышты қарқынмен дамыды. Философия, логика, медицина, музыка, математика, астрономия, оптика, өнер, сәулет, музыка – бұның бәрі даму ренессансын бастан өткерді. Әлемдік масшатбтағы ғылымдар мен өнерлердің негіздерін салған орта азия аймағынан шыққан ғалым-мұсылмандар – Әл-Хорезми, Әл-Бируни, Ұлықбек және тағы басқалар болды. Моңғол шапқыншылығына дейін Қазақстан аумағында жиырма алты қала болған. Олардың арасында көптеген сауда, саяси және мәдени байланыстар болды. Оның үстіне, бүкіл аймақ «Жібек жолы» керуені арқылы әлемдік экономикалық және мәдени жүйеге енген. Өзара мәдени байыту мен алмасудың тұрақты жаһандану процесі болды, өркениет өркендеді. Мұның бәрі ұланғайыр кең дала халықтарын надандық зұлымдығы мен пұтқа табынушылық тираниясынан азат еткен Исламның арқасында мүмкін болды.
Зерттеуші Бекен Қайратұлы: «...отарлаушылар таңған тағы бір қисынсыз ұстаным-Тәңір діні дейтінге келсек, бұл ары кеткенде байырғы көшпенділерге тән тұрмыстық салт ғана. Отарлаушылар әртүрлі ғибадат жасап қиналмайтын, күнәлі істерден адам баласын тыймайтын, оқып-жаттайтын жалбырану сөздері жоқ, жеп-жеңіл жалған дүниені дін деп тықпалаудағы мақсаты: халықты тек исламнан тайдыру еді.
Мысалы, ағартушы-миссионер Николай Ильминскийдің «Қазақтарға «сендер мұсылман емессіңдер, сендердің діндерің басқа, ата-бабаң тәңір дінін ұстаған» деп, түсіндіру қажет, бұл ұғым толық орныққан жағдайда оларды христиан дініне кіргізу оңай болады» деген құпия ұстанымын 1860 жылы патша үкіметіне жазған құпия хатында жазылған дәлелді келтіріп, қазіргі таңда қазақ зиялыларының көбі тәуелсіздіктен кейін қоғамда пайда болған мұсылманшылықты сіңіре алмауына себеп осы»,-дейді.