Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Тыйылайық өсектен (2)

Күндестік пен кек сақтау сөз айтқызар арқадан, 

Жамандаса күндесін сонда шері тарқаған, 

Алауыздык іріткі осындайдан бастаған, 

Тыйылайық өсектен ынтымаққа бас қадам.

 

Өсектердің көбісі күндестіктің қиялы, 

Өсектелген адамға жоқ ғайбаттың зияны, 

Ғайбатшы мен тыңдаушы молдап күна жияды, 

Сауаптарын жинаған күндесіне қияды.

 

Әр адамның бойында ізгілігі табылар,

Жамандығын жиреніп жақсылығын қабыл ал,

Жамандасып жауласқан араз қоғам жаңылар,

Жақсы сөздер айтылса жамандығы жабылар.

 

Ел болайық ағайын ынтымағы жарасқан,

Бір біріне сүйеу боп, қолдап құптап қарасқан,

Бірлігі жоқ көп елдер, қысым көрген жан жақтан,

Ынтымағы бекем елмен алыптар да санасқан.

 

Кешегі сұрақтың жауабы: Шәугімнің ішіндегі судың алдымен астыңғы бөлігі қызады. Ыстық жоғары көтерілгенде түбінде бу көпіршіктері (ауа көпіршіктері емес) пайда болады. Судан жеңіл болғандықтан жоғары қарай көтерілген бұл көпіршіктер жоғарыдағы салқындау болған су қабаттарымен кездескен кезде сөнеді. Қаншама көпіршіктің сөнуін біз ызыңдаған дыбыс ретінде естиміз. Қайнау температурасына дейін ысытылғанда, суық қабат қалмайтындықтан ызыңдаған дыбыс естілмейді. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031