Untitled Document

Сұхбат... Кедейлікке себеп болатын нәрселер

Кейбір нәрселер кедейлікке жол ашады, ризықтың қиналып келуіне себеп болады. Мәселен тырнағы ұзын болған адамның ризығы машақатпен, қиындықпен келеді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Күнә істеу ризықтан махрұм қалуға себеп болады.» (Ибни Мажә)

«Өтірік айту ризықты азайтады.» (Исфахани)

«Зина жасау кедейлікке жол ашады.» (Бәйһақи)

«Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады.» (Бәйһақи)

Ризықтар таң намазынан кейін таралады. Ал рухани ризықтар екінді (аср) намазынан кейін таралады. Осы екі уақытта ұйықтамауға мән беру керек. (Әл-Әнуар)

«Таң намазын оқығаннан кейін ұйықтамаңдар, ризықтарыңды іздеуге тырысыңдар!» (Табарани)

«Ризық үшін жұмыс істеуге ерте барған адамның ісі берекелі болады және табысты болады.» (Бәззар)

«Ризыққа қауышқан адам көп хамд (шүкір) етсін!» (Хатиб)

Хамд ету деп Аллаһу та’алаға шүкір етуді айтады. Барлық ниғметтердің Аллаһу та’аладан келетініне сену керек. Аллаһу та’ала Мұса пайғамбарға былай деген:

«Өзіне берген ниғметтерімді менен деп біліп, өзінің еңбегімен деп білмеген адам ниғметтеріме шүкір еткен болады. Ризығын өзінің еңбегінен деп біліп, менен деп білмеген адам ниғметтеріме шүкір етпеген болады. » (И. Ғазали)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031