Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Хасед (көре алмаушылық)

Хасед – қызғану, күндеу,  көре алмау, Аллаһу та’аланың біреуге берген нығметтерінің ол адамнан кеткенін қалау, басқаның өзінен үстем болуын көре алмау деген сөз. 

Адам өзінде қызғаныш, көре алмаушылық сезімінің бар екеніне өкінбесе, ренжімесе немесе өз қалауымен қызғанатын болса күнә, харам болады. Мұны сөздерімен, әрекетімен білдірсе одан да үлкен күнә болады. Хасед ғибадаттың сауабын да жояды. Хадис шәрифте: «Хаседтен сақтаныңдар! От отынды өртеп жоқ қылатыны секілді хасед те жақсылықтарды жояды» делінген. (Әбу Дауд) Адам біреуде бар ниғметтердің одан кеткенін қаламай, өзінде де болғанын қаласа бұл қызғаныш болмайды, бұл әуестену болады. Бұл жақсы нәрсе. Дұрыс, жақсы адамға әуестену уәжіп.  

Көре алмайтын адам мұнысынан ешқандай пайда таппайды, босқа іші күйгені, жүйкесі тозғаны және күнәға батқаны қалады. 

Бақша...

Бір тәжірибе

Ағаштар гүл жарған ерте көктемде ауа райы кенеттен суитын кейбір жылдары өрік, алма секілді ерте гүл ашатын кейбір ағаштардың гүлдері үсіп, төгіліп ол жылы жеміс бермейді немесе аз береді. Мұның алдын алу үшін мына әдісті қолданып көру пайдасын беріп жатады. Қыста қар жауған кезде, қарларды осындай жеміс ағаштарының бірнешеуінің түбіне жинап, үйетін болсақ, бұл үйінді қарлар кеш еріп, ағаштың түбі біршама уақыт суық болатындықтан кеш жылынып, кеш гүл ашады. Мұның салдарында егер ол жылы кенеттен күн суып, ағаштардың гүлдері үсіп қалса, бұл ағаштар кеш гүлдейтіндіктен жеміс беретін болады.  




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031