Untitled Document

Отбасы... Бала жетілдіру

Бүгін өкінішке орай балалар бір бағытта ғана жетілуде. Яғни дүниелік тәлімдер, дүниелік пайдалар ғана негізге алынуда. Кейін бала үлкейіп ата-анаға қарсы күтпеген қылықтар көрсеткенде «Қап, біз не бүлдірдік» деп бармағын тістеп жатады. Бүгін барлық нәрсе нәпіске, шәһуатқа бағытталғандықтан сенімсіздік және тәрбиесіздік жылдам таралуда. Хақ та’ала адамды бос жіберген емес. Не істеу керектігін, нені істемеу керектігін білдірген. Әмірлеріне сай өмір сүргендерге мәңгі жәннат ниғметтерін беретінін сүйіншілеген. Өмір тек қана дүниедегі өмірмен шектелмейді. Дініміз бойынша шынайы өмір ахирет өмірі. Сондықтан мұсылманның дүниедегі әр бір іс-әрекеті ахиретке негізделген болуы керек. Дінін білмейтін адам, дінге сай әрекет ете алмайды. Сондықтан балаларымызды дүние өміріне дайындағанымыздай, ахирет өміріне де дайындауымыз керек. Егер мұны назардан тыс қалдырсақ балалар тек дүниелікке негізделіп өседі. Бәлкім жақсы мектептерді, жақсы университеттерді бітіруі мүмкін, бірақ бұл оларды ешқашан бақытты қылмайды. Олар орны толмаған бұл рухани бостықты сезініп жүреді. Дұрыс сенімі, дұрыс амалы болмағандықтан ахирет өмірі азапқа айналады. Бұған себеп болған ата-ана да бұл азаптан нәсібін алады. Өйткені хадис шәрифте: «Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» делінген. Бала тәрбиесі өте маңызды, қателікті қабыл етпейді. Көбінесе артқа қайтар жол болмайды. Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та’аланың әмірі мен тиымдарын үйретіп, соған сай жүруге әдеттендірсе дүниеде де ахиретте де бақытқа жетеді. Бұл бақытқа ана-анасы және ұстаздары да ортақ болады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031