Мәлімет... Ижтима уақыты деген не?
Ай жердің айналасында шығысқа қарай айналу барысында Жер мен Күннің арасына келіп үшеуі де бір түзу бойына келеді. Бұл жағдайға «Ижтима-и найирайн» (Conjunction-Бірлесу- Ай басы) деп айтылады. Айдың жерге қараған бөлігі күннен сәуле алмағандықтан қараңғы болып, жерден көрінбей қалады. Айдың көрінбейтін осы уақыттары «Махақ» деп аталады. Махақ уақыты 28 бен 72 сағат арасында өзгеріп тұрады. Ижтима уақыты осы Махақ уақытының дәл ортасын көрсетеді және бұл уақыттар күнтізбемізде әр хижри айдың соңғы күнінде беріліп барады. Екі ижтима арасындағы уақыт 29 күн 13 сағатты құрайды.
Ай әрекеті барысында, ижтима уақытынан 80 (шамамен 14 сағат) ауытқымай тұрып, яғни жер мен айды және жер мен күнді бірлестіріп тұрған екі тура сызық арасындағы бұрыш 80 (шамамен 14 сағат) тан кіші кезде жаңа ай еш қашан және еш қандай мемлекеттен көрінбейді. Бұрыш 180 қа жеткенде ай махақ жағдайынан құтылып, күн батып жатқанда 45 минуттың ішінде батыс көкжиекте жаңа ай (хилал) көрінеді. Бірақ 57 минут параллакс нәтижесінде ай горизонтқа 50 қалғанда көрінбейді. Бұл жаңа айдың алғашқы кезеңі. Бұл кезде Күн қай мемлекетте батып жатқан болса, жалғыз сол ұзақтық дәрежесіндегі және бұлардың батысындағы мемлекеттерде айды көру мүмкін болады. Мысалға: биылғы Рамазан айының ижтима уақыты, мамырдың 26-шы жұлдызы, жұма күні Астана уақыты бойынша сағат 01:45 де орын алады.
Түркістан күнтізбесі