Untitled Document

Сұхбат... Миғраж түні

Ражаб айының 27-түні – миғраж түні. Миғраж «баспалдақ» деген сөз. Жәбірейіл алейһисселам келіп, пайғамбарымызды 52 жасында ражаб (ережеп) айының 27-түнінде Меккедегі Мешіт Харамнан Құдыстағы (Иерусалим) Мешіт Ақсаға және одан көкке алып кетті.

Ислам ғалымдары былай дейді: «Миғраж рух және денемен бірге жүзеге асты. Аятпен көрсетілгендіктен Меккеден Құдысқа апарылғанына сенбеген адам кәпір болады. Көктерге, білінбейтін жерлерге апарылғанына сенбеген адам күнәһар болады».

Расулуллаһ миғражда жұмақты, тозақты, сансыз жерлерді көріп, күрси, арш және рух әлемдерінен өтіп, мекенсіз, уақытсыз, бағытсыз, сипатсыз түрде Аллаһу та’аланы көрді. Ешкім білмейтін, түсіне алмайтын ниғметтерге қауышып, бір сәтте Құдысқа, ол жерден Мекке Мүкаррамаға келді.

Миғражда бес уақыт намаз парыз болды. Миғраждан бұрын тек таң және екінді намазы ғана бар болатын. Миғраж түнінде шам намазы 3 рәкат, басқа намаздар 2 рәкат парыз болды. Мәдинаи Мунаууарада екінші бұйрық арқылы таң мен шамнан басқасы 4 рәкатқа көбейтілді. Хижраның 4-жылы бұлар жолаушы үшін 2 рәкатқа түсірілді. Азан шақыру да хижрадан бұрын Меккеде миғраж түнінде басталды. Хижраның 1 жылы намаз уақыттарын білдіру үшін азан шақыру бұйырылды.

Миғраж оқиғасы арқылы мұсылмандардың имандары күшейді, кәпірлердің дұшпандығы артты. Кәпірлер сенбеді және «Мешіт Ақсаның қанша есігі, қанша терезесі бар? деген сияқты сұрақтар қойды. Пайғамбарымыз миғражда бұларға мән бермеген болатын. Сол сәтте Жәбрейіл алейһиссалам Мешіт Ақсаны оның көз алдына алып келді. Ол соған қарап жауап берді.

Бұл қасиетті түнде қаза намаздарды оқу керек, Құран кәрімді оқу керек, тәубе етіп, дұға жасау керек, ғалымдарға бару, сұхбаттарына қатысып ілім алу қажет, кедейлерді қуанту керек, дүние мен ахирет бақыты үшін барлық мұсылмандар үшін дұға ету керек.

 



<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031