Untitled Document

Күннің тарихы... Махмұд Ғазнауи

Махмуд Ғазнауи – мұсылман түркі тайпаларынан шыққан ең ұлы тұлғалардың бірі. Асқан батыр, кемеңгер қолбасшы, парасатты саясаткер және данышпан әмірші. 971 жылы туылып, 1030 ж қайтыс болған. Әкесі Ғазнауилер мемлекетінің құрушыларынан Себук Тегин, анасы Забулистан өлкесінен дегдар отбасының қызы. Қазіргі Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, солтүстік Ирак жерлерінде орын алған алғашқы түркі-Ислам мемлекеттерінің бірі болған Ғазнауилер мемлекеті Махмұд Ғазнауидің заманында едәуір өркендеді. Өмірінің 45 жылы соғыс майдандарында өтті. Үндістанға 17 рет жасаған жорығымен мәшһүр. Ислам дінін үнді жарты аралына және оңтүстік Азияға Сұлтан Махмұд жайған. Шиилерге қарсы тұрып Аббаси халифалығына қамқоршы болды және сүнни мұсылмандардың, яғни мазһабтардың қорғаушысы болды. Үнді әлемінің Сұлтан Махмұд атауынан үрейі кеткендігі соншалық, қандай да бір жерге жорыққа шықса, даңқы өзінен бұрын жетіп қалалар қорқыныштан беріле беретін халде еді.  

Ғазналы Махмұдтың сарайында төрт жүзден астам ғұлама және қолөнершілер бар еді. Оларға қамқор болып, ғылымның өркендеуіне көп мән беретін. Ислам ғалымдарын жиі-жиі мәжілістеріне шақырып сұрақтар сұрайтын. Хадистерді жақсы білген. Ғалымдарға, дін адамдарына, қолөнершілерге және әскерлерге қатты мән берген және оларға көп жақсылық жасаған.     

Ислам жазушылары Ғазналы Махмұд туралы көп дастандар жазғандығы соншалық бұлардың жаңғырықтары осы күнімізге дейін жетіп келді. Солардың қатарын Мәуләна Жәлаледдин Руми, Фарураддин Аттар, Шәйх Сади Ширази және Фирдауси секілді ғалымдардың еңбектерінен және халық ауыз әдебиеттерінен де көруге болады. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031