Денсаулық... Таңқурай (2)
- Таңқурайдың қайнатылғанда да, тоңазытылғанда да пайдалы қасиеті сақталады.
- Қайнатпасы дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге, күйзеліске де қарсы қолданады.
- Жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді.
- Таңқурай қышыма, терінің қабынуы сынды аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Сондықтан тұз байлану, бүйректің қабынуы ауруларында оған жоламаған дұрыс.
- Ғалымдардың мәлімдеуінше, бір де бір антиоксидант дәл таңқурай сияқты обыр жасушаларына қарсы тұра алмайды. Қазір зерттеушілер таңқурайдың кез келген түрі обыр дертіне шипалы ем екендігіне көз жеткізген.
Күлімдейік...Кешігу
Бір дәрігер жұмысына кешігетіндіктен асығып, көлігінің жылдамдығын асырып келе жатқанында жол полициясы тоқтатады. Құжаттарын тексерген соң айып пұл жаза бастайды. Жұмысына одан сайын кеш қалған дәрігер, ренішті дауыспен: «Қап әттеген-ай, сіз болмағанда әлде қашан ауруханада болар едім» дейді. Сонда жол полициясы: «Жақсы емес пе, демек мен сіздің өміріңізді аман алып қалдым, ал сіз болса рахмет айтудың орнына, ренжіп тұрсыз!» деген екен.