Untitled Document

Күнтізбе ... Полюске жақын қалаларда намаз

Ахмет Зия бек «Илми хей’ет» (астрономия ілімі) атты кітабында былай деген:

«Полюске жақындаған сайын таң және құптан намаздарының уақыттарының бастауы, яғни фәжр және шапақ уақыттары күннің шығу және бату уақыттарынан алыстайды. Басқаша айтқанда таң және құптан намаздарының бірінші уақыттары бір-біріне жақындайды. Барлық елдердің намаз уақыттары экватордан алыстығына, яғни жердің ендік градусына «φ» және күннің ауытқуына «Declination(склонение)=δ», яғни ай және күндерге қарай өзгереді.»

Ендік градустары «90° ауытқудан» көп болған жерлерде түн немесе күндіз мүлдем болмайды (күн батпайды немесе шықпайды). Ендік градусының толығы ≤ ауытқу + 19° болса, яғни жер градустарымен күннің ауытқуының қосындысы «90-19=71» немесе одан да көп болған уақыттарда күннің ауытқуы бес градустан көп болған жаз айларында шапақ жоғалмай тұрып фәжр басталады. Сондықтан мәселен орналасу дәрежесі 51°11' болған Астана қаласында мамыр айының 20-мен шілденің 24-і аралығында құптанмен таңғы намаздарының уақыттары басталмайды. Осыған байланысты күнтізбемізде Астана қаласының таң және құптан намаз уақыттары осы аралықта жұлдызша (*) ишарасымен берілген.

Ханафи мазһабында уақыт намаздың себебі. Себеп жоқ болса, намаз фарз болмайды. Олай болса, мұндай елді мекендерде бұл екі намаз фарз болмайды. Кейбір ғалымдардың үкімі бойынша, ондай қалаларда бұл екі намазды ендік градустары өздеріне жақын болған қалалардың уақыттарымен оқулары фарз болады. Бұл екі намаз уақыттары кірмейтін күндерде уақыттары кірген ең соңғы күннің уақыттарын белгілеп қойып, күнде сол уақыттарда оқу жақсы болады. Күнтізбемізде ол сағаттар жұлдызшамен (*) көрсетілген.

Түркістан күнтізбесі




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031