Сұхбат... Айтта қонаққа бару
Сұрақ: Айттап қонаққа барғанда неге мән беру керек, ең бірінші кімнен бастау керек?
Жауап: Пасық болған, күнә істеуімізге себеп болатын туыстарға барудың керегі жоқ. Бірақ салих болған туыстарға бару керек. Салих достарға да бару өте сауапты болады. Қонаққа барудағы ниет тек Аллаһ разылығы үшін болу керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Бір адам ауылдағы досын көріп келу үшін жолға шығады. Хақ та’ала бұған жолда бір періште жібереді. Періште ол адамнан сұрайды:
– Қайда бара жатырсың?
– Мына ауылда бір досым бар, соған қонаққа бара жатырмын.
– Оның саған жақсылығы, көмегі тиіп сол үшін бара жатырсың ба?
– Жоқ, тек Аллаһ разылығы үшін бара жатырмын.
– Онда саған сүйінші болсын! Мені Аллаһу та’ала жіберді. Одан ешқандай пайда күтпей барғаның үшін Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауыштың» (Хаким)
«Сила-и рахм – мал-мүлікті көбейтеді, жанұяда махаббатты арттырады және өмірді ұзартады.» (Табарани) (Сила-и рахм – туыстардан хабар алу, қонаққа бару, оларға көмектесу, қамқор болу деген сөз.)
«Жаннатта өте әдемі сарайлар бар, бұлар бір-бірлеріне Аллаһ үшін қонаққа барған, Аллаһ үшін бір-бірін жақсы көріп бір-біріне көмек бергендер үшін дайындалған.» (Табарани)
Аллаһ разылығы үшін мұсылмандардан хабар алу, хал-жағдайын сұрау, қонаққа бару өте үлкен сауап. Ғалым, кедей және салих туыстарға бару одан көп сауапты болады. Салих туыстардан ең болмағанда аптада бір немесе айына бір рет хабар алып, қонаққа барып тұру керек, қырық күннен асырмау керек. Ұзақ өлкелерде тұратын болса хатпен, телефонмен хал-жағдайын сұрап, араз болса татуласу керек.