Untitled Document

Сұхбат... Айтта ренжіскен адам қалмау керек

Ренжіскен, араздасқан адамдар айтты күтпестен тез арада татуласуы керек. Аллаһу та’аланы және пайғамбарымызды жақсы көретін кісі адамдардың кемшіліктерін көрмейді, бәрімен тату, кең бауырлы болады. Жақсы кісі барлық адамдармен жақсы мәміледе болады. Ешкімге зиянын тигізбейді және басқалардан келетін зияндарға сабырлылық танытады. Айыбы үшін ешкіммен араздаспау керек. Араздасқан жағдайда да бұл 3 күннен көпке созылмауы керек. Егер айтқа дейін созылған араз жағдайлар болса, одан көп кешіктірмей татуласу керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Бір-біріңмен ара-қатынасты үзбеңдер! Бір-біріңнен бет бұрып кетпеңдер! Бір-біріңмен өштеспеңдер, жауласпаңдар! Бір-біріңе көре алмаушылық етпеңдер! Ей Аллаһтың құлдары бір-біріңмен бауыр болыңдар! Бір мұсылманның басқа бауырымен араздасуының 3 күннен асуы халал болмайды.» (Бұхари)

«Мұсылман бауырымен 3 күннен артық араздасқан адам жаһаннамға түседі.» (Нәсаи)

«Бір-бірімен араздасқан екі адамнан қайсысы бірінші болып сәлем берсе, соның күнәлары кешіріледі. Сәлем бергенде екінші адам сәлемін алмаса, бұл адамның сәлемін періштелер алады. Ал сәлемін алмаған адамға шайтан ілтипат көрсетеді.» (И. Әби Шәйбә)

«Бір мұсылманның дін бауырымен 3 күннен көп араздасуы жаиз емес. 3 күн өткеннен кейін ол адаммен кездесіп қалса, оған сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек. Ол адам сәлемін алса, екеуі де сауапқа ортақ болады. Сәлемін алмаса, күнәға кіреді. Сәлем берген адам араз болу деген есептен құтылған болады.» (Әбу Дауд)

3 күнге жеткізбей татуласу өте жақсы болады. 3 күн өткенде күнә жазылуы басталады және татуласқанға дейін жалғасады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031