Untitled Document

Тарих... Сұлтан Бейбарыс (1)

XIII ғасыр ислам әлемінде қасіртеттерге толы жылдар болды. Таяу Шығыс, Азия және Анадолу өлкелерінде қырғындарға себеп болған крестік жорықтар мен моңғол шапқыншылықтары мұсылмандарды жойылудың қарсаңына қойған болатын. Қалалар, мешіт, медреселер, кітапханалар өртке оранып, әйел, бала, кәрі деместен жаппай қан төгілуі тоқтау білмей халық үмітсіздік ішінде жанталасып жатты. Осындай қиын қыстау заманда Таяу Шығыстың тарихымен тұрмысын жақсартқан адам қыпшақ даласының тумасы, бабамыз Сұлтан Бейбарыс болды. Сұлтан Бейбарыс 14 жасында тұтқынға алынып, ақыл-парасаты, ерекше ерлігімен құлдықтан патшалыққа дейін көтеріліп, Ислам мәдениетіне орасан зор қызметі сіңген алып тұлға. 1249 жылы Франция королі ІХ Луис бастаған жетінші крестік жорыққа тойтарыс беруі Бейбарыстың атын бұрынғыдан да асқақ етті. 3 қазан 1260 жылғы Айн Жалут деген жердегі соғыстағы қаһармандығы, айла-тәсілдерімен моңғол әскерін жеңіліске ұшыратуы мәртебесін тағы көтеріп, Мәмлүк сұлтандығына жақындата түсті. 24 қазан 1260 жылы таққа отырды. Бұл жеңіс арқылы Сирия, Мысыр жерлері моңғол шапқыншылығынан құтқарылған болды. Осы күнге дейін моңғолдардан жеңіліске ұшырау, корғану, шегіну ахуалдарын бастан кешіп жүрген ислам әлемі бұл жеңістен кейін жігерлене түсті. Ең маңыздысы қаншама уақыттан кейін моңғолдардың мұсылмандар тарапынан жеңіліске ұшырауы мұсылмандар үшін серпіліс болды. Ал моңғолдар үшін тоқыраудың бастамасына айналды. Кейініректе жергілікті халыққа үйлесіп, ислам дініне деген көзқарастары өзгерген моңғолдар мен кейбір хандары Ислам дініне бет бұра бастады. (жалғасы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031