Сұхбат... Аллаһу та’аланы көру
Қиямет күні махшар алаңында кәпірлерге және күнәсі бар болған мұсылмандарға азабы және ашуымен, ал салих болған мұсылмандарға мейірімі және жамалымен көрінеді. Мүминдер Аллаһу та'аланы жәннатта жамал сипатымен көреді. Періштелер мен әйелдер де көреді. Кәпірлер бұдан мақрұм қалады. Жындардың да мақрұм қалатынын білдіретін хабар қуатты. Хадис шәрифте: «Қиямет күні Раббыларыңды он төртінші айды көргендей көресіңдер!» делінген. Аллаһу та’ала дүниеде болмысын түсінбей білінгені сияқты, ахиретте де қалай болатыны түсінілмей көрінеді.
Аллаһу та’аланың көрінетініне сену керек, қалай көрінетіндігі жайлы ойламау керек. Өйткені, Аллаһу та’аланың істерін ақылмен түсіну мүмкін емес. Дүниелік істерге ұқсамайды. [Физика, химия ғылымдарымен де өлшене алмайды.] Аллаһу та'аланың тарапы, қарсы алдыда болуы жоқ. Аллаһу та’ала зат емес. Дене емес. [Элемент емес. Құрама, қоспа емес.] Оны санау, өлшеу, есептеу мүмкін емес. Онда өзгеріс болмайды. Мекенге бағынышты емес. Белгілі бір жерде емес. Уақытқа бағынышты емес. Әуелі, кейіні, алды-арты, асты-үсті, оңы-солы жоқ. Осы себептен адамның түсінігі, адамның білімі, адамның ақылы Оның ешнәрсесін түсіне алмайды. Оның қалай көрінетіндігін де ұғына алмайды.
Мұхаммед алейһиссалам миғражда мекенсіз, уақытсыз, бағытсыз, сипатсыз түрде Аллаһу та’аланы көрді. Бұл көруі дүниедегі бас көзімен көру секілді емес еді.