Untitled Document

Сұхбат ... Бес уақыт намаз

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам: «Аллаһу та’ала құлдарына күнде бес уақыт намаз оқуларын әмiр еттi. Дұрыс дәрет алып, намазды уақытында оқыған, руку мен сәжделерiн толық орындаған пенделердің күнәларын Аллаһу та’ала кешiредi»- деп айтқан.

Бес уақыт намаз 40 рәкаттан тұрады. Бұлардың 17-сі парыз, 3-і уәжiп, 20 рәкаты сүннет. Олар мына төмендегiдей:

  1. Таң намазы: 4 рәкат. Алдымен екi рәкат сүннетi, кейiн екi рәкат парызы оқылады. Бұл екi рәкат сүннет ең қуатты сүннет болып саналады. Тiптi мұны уәжiп дегендер де бар.
  2. Бесiн намазы: 10 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат  соңғы сүннет).
  3. Екiндi намазы: 8 рәкат (4 рәкат сүннет, 4 рәкат парыз.)
  4. Ақшам намазы: 5 рәкат (3 рәкат парыз, 2 рәкат сүннет.)
  5. Құптан намазы: 13 рәкат (4 рәкат алғы сүннет, 4 рәкат парыз, 2 рәкат соңғы сүннет, 3 рәкат үтiр намазы).

 Екiндi мен құптан намаздарының алғы сүннеттерi ғайри муаккад сүннетке жатады. Бұлардың екiншi рәкатында отырғанда, “әттәхияттан” кейiн “Аллаһумма салли” және “Аллаһумма барик” дұғалары ақырына дейiн оқылады. Үшiншi рәкатқа тұрғанда, алдымен бисмиллаһ айтылмай тұрып, “Субханака” дұғасы оқылады. Ал, бесiн намазының алғашқы сүннетi Муәккад сүннет. Яғни қуатпен әмір етілген. Сондай-ақ бұл сүннеттiң сауабы да көп. Бiрiншi отырыста парыз намазындағыдай тек қана “Әттәхияту” оқылып кейiн үшiншi рәкатқа тұрады. Тұрғанда алдымен Бисмиллаһ айтылып кейiн “фатиха” сүресi оқылады.

Бесiн және Құптан намазының парызынан кейiн 4 рәкат және ақшам намазы парызынан кейiн 6 рәкат намаз оқу мустаһаб болады. Яғни бұл намаздардың да сауабы өте көп. Барлығын бiр сәлеммен немесе екi рәкатта бiр сәлем берiп оқуға да болады. Екеуiнде де алғашқы екi рәкаты соңғы сүннет орнына саналады. Осы мустаһаб намаздарды соңғы сүннеттерден кейiн бөлек оқуға да болады. Жұп рәкаттарда екiншi сәждеден кейiн отырады.

Әрбiр рәкатта намаздың парыздары, уәжiптерi, сүннеттерi, муфсидтерi және мәкрухтары болады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031