Отбасы... Сәбиге есім қою (1)
Балаға қойылатын немесе бұрын қойылған аттың мағыналарын дінімізге және әдет-ғұрыптарымызға сай келе ме, келмей ме соны білу керек. Сай келмесе, жаман мағыналы болса оны өзгерту керек. Хадис шәрифте «Есімі жаман болған адам оны әдемі атқа ауыстырсын» делінген. (Бәриқа) Хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ жаман есімдерді өзгертетін еді» деген. (Тирмизи) Кәпірдің есімін қоюдан да аулақ болу керек. Хазреті Имам Раббани «Бір мұсылман кәпірдің есімін алудан арыстаннан қашудан да артық қашу керек. Ондай есімдер және ол есімдердің иелері Аллаһтың дұшпандары» деген. (Мәктубат Раббани)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Балаға әдемі ат қою, дінін үйрету және уақыты келгенде үйлендіру баланың әкесіне деген ақыларына жатады.» (Әбу Нуаим)
«Қияметте әкелеріңнің атымен бірге шақырыласыңдар. (Мәселен Әлиұлы Ахмет деп) Олай болса аттарың әдемі болсын!» (Әбу Дауд)
Әдемі аттар өте көп. Мәселен пайғамбарымыздың аттары, сахабалардың есімдері, әулиелердің есімдері. Жалпы адам есімдерін таңдауда ислам дұшпандығымен танылған залымдардың (мысалы Шыңғыс, Әбу Жәһл секілді); кәпірлердің, бұзақылардың аттарын, мұсылманға жараспайтын аттарды, мағынасыз сөздерден пайдаланбау керек.
Балаға есімді үлкенге, ілімді, салих адамға қойғызу керек! Асхаби кирам балаларына есімді сүйікті пайғамбарымызға қойғызуды таңдаған. Нәрестеге есім қоярда баланың әкесі, атасы немесе жасы үлкен, ілімі ең көп болған кісі баланы құшағына алып, дәретті болып құбылаға бұрылады. Нәрестені басқа адам ұстап тұрса да болады. Түрегеп тұрып оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтады. Есімін үш рет қайталау жақсы болады. Осы арада нәрестенің аузына тәтті нәрсе жағу жақсы болады.