Untitled Document

Сұхбат... Әһли сүннет және адасқандар

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сахабаларының (достарының) қадірін, үстемдіктерін түсініп, барлығын жақсы көретін, бәрін құрметтейтін, олардың жолымен жүретін адамдарға «Әһли сүннет» делінеді. «Бірнешеуін жақсы көреміз, қалғандарын жақсы көрмейміз» деп көбін жамандайтындарға, осылайша ешбірінің жолын ұстанбайтындарға «Рафизи» және «Шии» делінеді. Рафизилер Иранда, Үндістанда және Иракта көп кездеседі. Аллаһу та’ала Құран кәрімде «Мүминдердің бауыр екендігін» білдіруде. Фәтһ сүресінің соңғы аяти кәримасы «Сахабалардың бір-бірін жақсы көргендігін» хабар беруде. Асхаби кирамның бірін болса да жақсы көрмеу, әсіресе дұшпандық ету Құран кәрімге сенбеу болып табылады. Әһли сүннет ғалымдары Асхаби кирамның үстемдіктерін жақсы түсінген. Олардың барлығын жақсы көруімізді әмір етті.

Әһли бәйтті, яғни Әлиді (радиаллаһу анһ) және оның бүкіл ұрпақтарын, тегін жақсы көрмейтіндерге, әрі Әһли сүннеттің көз қарашығы болған осы ұлыларға дұшпандық жасайтындарға «Харижилер» делінеді. Қазір харижилер «Йәзиди» деп аталып жүр. Йәзидилердің діндері, имандары қатты бұзылған.

Асхаби кирамның барлығын жақсы көреміз деп айтып, бірақ олардың жолында болмағандарға, өздерінің қате пікірлеріне сахабалардың жолы дейтіндерге «Уаххабилер» делінеді. Уаххабилік ағымы мазһабсыз дін адамы Ахмед ибн Тәймияның кітаптарындағы адасқан пікірлер мен Хемфер есімді ағылшын тыңшысының жалғандарының қосындысынан пайда болған. Уаххабилер тек өздерін ғана мұсылман деп санайды. Өздері сияқты болмағандарға мүшрик дейді. Олардың малы мен жаны уаххабилерге халал деп санайды. Насстардан, яғни Құран кәрім мен хадис шәрифтерден қате, бұзылған мағыналар шығарып, мұсылмандықты осы мағыналар деп санайды. Әдиллә-и шәрийаны (шариғаттың дәлелдерін) және хадис шәрифтердің көбін жоққа шығарады. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031