Денсаулық... Қызанақ
Қызанақта көп мөлшерде С витамині бар. Сонымен қатар каротин, витамин В1 және витамин Е және тағы басқа да маңызды витаминдер бар. Көп мөлшерде минералдар да табылады. Сондай-ақ жүрек және қан тамырларында бұзылған қызметтерді жақсартатын, атауы әлі анықталмаған бір элемент бар. Күретамырлардың қызметтерінің бұзылуына қарсы ең жақсы шара – қызанақ.
Қызанақ қан қысымын, яғни температураны түсіреді және асқазан секреция бездерін маңызды мөлшерде арттырады. Асқазан секрециясының азаюына және асқазан асты безі секрециясының бұзылуына қарсы шипалы. Іш қатуды жұмсатып кетіреді. Геморрой ауруына шалдыққандар, жүйелі түрде қызанақ диетасын жасап бұл аурудан құтылуда. Подагра және ревматизм ауруына шалдыққандар үшін қызанақ диетасы әсерлі түрде жасалуда. Жүрек және бауыры ауыратындар да қызанақ диетасымен едәуір мөлшерде жазылуда.
Сұхбат...Тәубе ету
Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету керек! Тәубе – күнә істегеннен кейін өкіну, Аллаһу та’аладан қорқу, қайталап істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала тәубе еткендерді жақсы көреді және тәубелерін қабыл етеді. Тіпті соңғы демде жаннат пен жаһаннамды көргеннен кейін барып тәубе ете алса да қабыл етіледі.
Соңғы демде тәубенің қабыл етілуі, тек осы үмметке ғана яғни Мұхаммед алейһиссаламның үмметіне ғана тән. Бірақ соңғы демде иман қабыл болмайды. Кейбір адамдар иман мен тәубені шатастыруда, иман қабыл болмайды деудің орнына, тәубе қабыл болмайды деген. Соңғы демде кәпірдің иманы қабыл болмаса да, күнаһар мүминнің тәубесі қабыл болады.