Тарих... Американың ашылуы (1)
1492 ж Кристафор Колумб тарапынан ашылды деп білінетін Америка құрлығы негізінде мұсылмандар тарапынан табылған. Бұған байланысты көптеген деректер бар. Бірнеше мысал келтірейік:
- Германияның Франкфурт қаласында тұратын және Гете университеті араб және ислам тарихы институтның директоры профессор Фуат Сезгин Былай дейді: «Ислам географиясы бойынша 26 жыл еңбек еттім және көп пікірлер қалыптастырдым. Американы Колумбтан бұрын мұсылмандардың тапқанын жаздым. Мұсылмандардың, Колумбтан қаншама жыл бұрын Америкаға жетіп барғандығына сенімдімін. Тіпті мұсылмандар жүздеген жылдар бойы Американың картасын сызумен айналысқан. Қазіргі қолданымдағы Африка, Азия және Европаға қатысты карталар мұсылмандар тарапынан сызылған. Васко да Гаманың өзі де мұсылмандарға тиесілі карта арқылы Үндістанға барған»
- Тарих және пікір журналы 2005 қараша айындағы санында Американың мұсылмандар тарапынан ашылғандығын негізгі тақырып етіп кеңірек мағлумат берді.
- Колумбтың баласы Европадан батысқа қарай да теңіз жолымен жүруге болатындығын әкесі Генуяда кездескен мұсылман теңізшілерінен естігендігін айтқан.
- Тіл ғалымдары Колумбтан бұрынғы замандарда жергілікті тұрғындардың (қызыл терілер) тілдерінде арабша сөздер болғандығын анықтаған. Колумб Куба жағаларында үрмейтін иттер көрген. Бұлар Батыс Африка елдеріне тән ит болатын, яғни ескі жер мен жаңа жер арасындағы көпір алғаш болып мұсылмандар тарапынан құрылған болатын.
- 1787 ж Бостонда қазба жұмыстары кезінде көне ақшалар табылды. Гарвард универсмитетінде зерттелген бұл ақшалардың 9-10 ғасырларға тән самарқандтық дирхамдар енкендігін анықтаған. Дирхамдардың бетінде « Лә илаһә иллаллаһ, Мұхамадүн Расулуллаһ, уә бисмиллаһ» деп жазулы еді. (Жалғасы ертең...)