Untitled Document

Тарих... Американың ашылуы (2)

- Невададағы қазба жұмыстарында тасқа қашалып жазылған VII ғасырға тән «Аллаһтың атымен», «Мұхаммед нәбиАллаһ», «Шәйтан бүкіл жамандықтардың негізі» деген жазулар табылған.

- АҚШ ғылым өнер академиясының мүшесі, профессор Барри Феллдің мәлімдеуінше мұнда (АҚШ-та) VII-VIII ғасырларда мұсылмандар өмір сүрген.

- Калифорния университетінен археологтар профессор Роберт Хейзер және профессор Мартин Баумхоф жасаған қазба жұмыстарының нәтижесінде Невадада Ислам мен ғылымның, әсіресе теңізшілік мектебі бар болғандығын анықтаған. Яғни хазреті Осман және хазреті Әли дәуірінде мұсылмандар Америка құрлығында теңізшілік дәрістерін берген.

- Араб тарихшысы және жағрафия ғалымы Месуди (956 ж қайтыс болған): «Мұсылмандар хазреті Мұхаммед алейһиссаламның қайтыс болуынан 15 жылдан кейін, хазреті Османның дәуірінде Испанияға кірген кездерінде алдарынан ұшы-қиырсыз Атлант мұхиты шықты. Оны да зерттеуге кірісті.

- Дәнді-дақылдардан жүгері Батыс Африка жағалауларынан қажылық сапарына шыққан мұсылмандар арқылы Мысырға әкелінген болатын. Бұлар Кристафор Колумбтан бұрын болған Мәмлүктер дәуірінің тарихшысы Ибн Фазлуллах әл-Омари «Месалик әл-Абсар» атты кітабында Мысыр ханзадасының 3000 қайықпен қайта оралмау ниетімен Америка құрлығына кеткендігін жазған.

- Денисе Спелберг тарапынан жазылған «Thomas Jeffersons Quran, Islam and the Founders» атты ғылыми кітапта бұл тақырып кеңінен талқыланған.

- 1929 ж Топкапы сарайында табылған Пири Рейстің карталары осы күнге дейін сақталған Амреика құрлығы көрсетілген ең ескі карталардың бірі. Османдық теңізші Пири Рейс тарапынан 1513 ж сызылған. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031