Мақала... Париждегі ланкестік кімнің ісі (2)
Бір жақтан ДАИШ, бір жақтан ішкі азаматтық соғыстың зардабынан қашқан Сирияның жергілікті халқы Еуропаға көше бастады. (Көшу де базарға айналды, 1 адамды еуропаға жеткізу шамамен 1500-2000 Еуро) Мақсаттары Еуропада жандарын сақтап, бейбіт өмір сүре алатындай елді мекенге орналасу болатын. Мұндай көштер басталысымен Еуропада тікенді, электр тогы жүргізілген сымдар, қоршаулар, газды қарулар күн тәртібіне енді. Еуропа босқындарды дүниеге келгеніне өкінетіндей етті. Бала-шағаларымен бар жиғанын жұмсап келіп жеткенде бейшара босқындар аш, сусыз шекара маңында, босқындар лагерьлерінде күттірілді. Дәл осындай сәтте ДАИШ-тің Еуропада ланкестік жасауы кімге олжа еді? Өйткені бұл ланкестік арқылы Еуропаға босқындар көшінің тоқтауы, бұрын келгендерінің кері қайтарылуы, шекараның жабылуы, босқындардың еуропаға ағынының тежелуі көзделді. Кеше ғана пайда болған ДАИШ, сан ғасырлық империялық тарихы бар, Еуропаның ең озық елі Францияның қауіпсіздік қызметін алдап өтіп, мұны кім істеді деген сұраққа жауап іздетпей, ланкестік жасап кім екенін айғайлап айтуы, оқиға орындарына паспорттарын қалдыруы көп күмән туғызары анық. Яғни біреулер халықты аузынан сүті құрғамаған 3-4 баланың осындай ауқымды ланкестік істегеніне сендіргісі келді. ЦРУ Ауғанстан мен Иракқа басып кіру үшін өзінің екі биік мұнарасын жарғаны сияқты, Францияның күштері де мақсаттарына жету үшін осындай құрбандыққа бел буды. Осы ланкестіктен кейін Исламофобия бұрынғыдан да өрши түсті. Мұсылман көрсе соққыға жығу, өлтіру істері жиіледі.
Енді екінші нұсқаға келейік. Америка Африкадағы 54 мемлекеттің 24-де французша сөйлейтін 24 елге көз тіккен болатын. Африка елдері қаншалықты кедей болғанымен жер асты байлықтары мол болып табылады. (Жалғасы ертең...)