Untitled Document

Денсаулық... Семіздік және қант диабеті

1991 жылғы Халықаралық диабет федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгілеуімен 14 қараша Дүние жүзілік қант диабетімен күрес күні ретінде аталып келеді. 14 қараша Инсулин екпесін тапқан Канадалық ғалым Фредерик Бантингтің туған күні болып табылады. Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша Дүние жүзінде 400 миллионнан астам, Қазақстанда 274 мыңнан астам қант диабетіне шалдыққандар бар. Мамандар қант диабетіне әрекетсіз өмір салты, салауатсыз қоректену, семіздік себеп болатынын айта отырып, қант диабетінен сақтану үшін әрекетті өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, салауатты қоректену және бұл індетке байланысты белгілер байқала бастаған жағдайда дәрігерге қаралу керектігін айтуда.

Семіздікке себеп болатын химикаттар арасындағы ең бастылары глутамат натрия, фруктоза, жоғары мөлшерлі жүгері фруктозалы шырыны, пластикалық заттардың шикізатында қолданылатын химикаттар секілді 20-ға жуық атаулар бар. Жоғары фруктозалы жүгері шырыны әсіресе дайын азық түрлерінде, жеміс шырындары (сусындар), конфет, шококлад, мармелад секілді тәтті өнімдерде, шекерге қарағанда өте арзан және тәтті болғандықтан көп қолданылады. Бұл өнімдер инсулин бөлінуін тікелей ескертпейтіндіктен тоқтық сезімін қалыптастырмайды және мида тәуелділік сезімін оятатыны білінуде. Жоғары мөлшерлі фруктозалы жүгері шырыны бар өнімдерді көп тұтынатын адамдарда әсіресе қарын жақта май жиналуға, бұл да өз кезегінде қант диабетіне жол ашуда. Мұның алдын алу үшін табиғи азықтар тұтыну және күніне кем дегенде бір сағат дене жаттығуына орын беру өте маңызды.  




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031