Untitled Document

Бала тәрбиесі... Гаджеттердің бірқатар зияндары (1)

Кішкентай балалар планшет пен смартфондарды тез меңгеретініне қазір таңғалмайтын болдық. Қазірде балалар жасына көптеген жарқын әрі қызықты ойындар мен қосымшалар ойлап шығарылып жатыр. Бірақ заманауи гаджеттердің зиянды тұстарын да ескеру керек.

Дамудың тежелуі. Қимыл-қозғалыс — денсаулықтың кепілі, сонымен қатар бұл зейін мен зеректікті дамытады. Бірақ заманауи ойыншықтарға әуес бала аз қимылдайды — нәтижесінде, дамуы тежеледі.

Артық салмақ. Ғалымдар балаларда артық салмақтың пайда болуын ұзақ уақыт бойы смартфонда ойын ойнауымен және теледидар қарауымен байланыстырады. Түрлі гаджеттерді өз бөлмесінде еркін пайдалана алатын балалардың 30%-ы көбіне толықтықтан зардап шеккен. Өз кезегінде, 30% толық балалардың диабетке ұшырау қаупі жоғары, сонымен қатар толық адамдар ерте инстульт алуға және жүрек тоқтап қалуға бейім келеді.

Ұйқының жетіспеуі. Ата-аналардың 60%-ы балаларының гаджетпен қанша уақыт отырғанына назар аудармайды. Әрине балалар ойынның қызығына кіріп, кеш жатады, ұйқылары қанбайды, күн тәртібі бұзылады, ал кейде ұйқысыздыққа ұрынады —  мұның бәрі олардың денсаулығына кері әсер етеді.

Психикалық аурулар. Көптеген зерттеулер тағы мынадай пікір айтады: заманауи ойыншықтар мен құрылғыларды шамадан тыс көп пайдалану балаларда күйзеліс, үрей, назар жетіспеушілік синдромы, аутизм, қос полярлық ауытқушылық, психоз бен баланың іс-әрекетіндегі басқа да ауытқушылықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

(Жалғасы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031