Сұхбат... Шынайы және жалған ғалымдар
Әһли сүннет сенімінде болмаған адам жақсы ғалым бола алмайды. Төрт хақ мазһабта болмаған және бұл ұлы ғұламалардың айтқандарынан нақыл етпеген, яғни өзінің пікірін, көзқарастарын діннің әмірі ретінде білдірген адам жақсы ғалым бола алмайды. Бидғатшыны үстем деп білетін адам да ғалым бола алмайды.
Бұлар негізгі қағидалары. Бұларға сай болмаған адамның әрбір жазуы, сөзі қате болуы мүмкін, зиянды болуы мүмкін, яғни онда әртүрлі бұзықтық болуы мүмкін.
Шынайы немесе алдамшы екенін ажыратудағы кейбір өлшемдер:
1) Ислам ғалымы жерден шөп секілді өсіп шықпайды. Ұстазсыз, ижазатсыз ғалым болмайды. Міндетті түрде пайғамбарымызға тірелетін шежіресі болуы керек. Мәселен Хазреті Имам Ғазали, Имам Раббани және Мәулана Халид Бағдади секілді.
2) Әһли сүннет сенімінде болады. Бұл дәуірде төрт хақ мазһабтан бірінде болады, діндегі төрт дәлелді қабыл етеді.
3) Дініміз нақл діні болып табылады. Иман, ғибадат ілімдері қияметке дейін өзгермейді. Жазған туындыларында бұған мән береді, яғни тек қана осы құнды ілімдерді нақл етеді.
4) Ешбір фиқһ кітаптарына сүйенбестен “шабытпен, аян беру арқылы айтып отырмын” деп өз пікірін, өз ойын дінде дәлел ретінде, ілім ретінде көрсетуге тырыспайды.
5) Бидғатшылардан және оларды қолдаушылардан мәселен “мен де Абдух секілді дінді реформалағым келеді, Абдух менің ұстазым” дейтіндерден ұзақ болады. Бұлардың зияндарын, қателерін білдіруді міндет деп біледі.
6) “Тек қана Құран” деп сүннетті, ижманы және қиясты қабыл етпейтін, Құран кәрімнен өз түсінігін дәлел деп қабыл ететін азғындардан ұзақ болады. Бұлардың қателерін білдіруді міндет деп біледі.
7) “Мұсылман болуы шарт емес, Аллаһқа сенетін барлық адамдар, тіпті христиандар мен яһудилер де жаннатқа кіреді, олар иманды адамдар” дейтін азғындардан ұзақ тұрады. Бұлардың зияндарын, қателерін білдіруді өздеріне міндет деп біледі.
8) Барлығы да жаннаттық болған Сахабалардың ешбіріне тіл тигізбейді, барлығын құрметпен еске алады. Яһудилердің құрған Ибн Сәбәшылардың, хуруфиліктің зияндарын білдіреді.
9) Ағылшындар құрған уаххабилік (сәләфиліктен) және бұлардың құрған бұзық сенімдерінен ұзақ болады. Бұлардың зияндарын, қателерін білдіруді маңызды міндет деп біледі.