Untitled Document

Сұхбат... Халал ризық іздеу

Аллаһу та'ала әр адамның, әр жануардың ризығын ежелден тағдырға жазған, ажыратқан. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және тыныстарының саны белгілі болғанындай, әр адамның ризығы да белгілі. Ризық мүлдем өзгермейді. Азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірместен өлмейді.

Кімде-кім Аллаһу та'ала әмір еткендіктен жұмыс істеп, ризығын халал жолдан іздесе, ежелде белгіленген ризығына қолжеткізеді. Бұл ризық оған берекетті болады. Осы істеген жұмысына да сауап алады. Егер ризығын Аллаһу та'аланың тыйым салған жерлерінен іздесе, тағы да сол ежелде ажыратылған белгілі ризыққа қолжеткізеді. Бірақ бұл ризық оған қайырсыз, берекетсіз болады. Ризығына қауышу үшін істеген күнәлары да оны пәлекеттерге жетелейді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһтан қорқыңдар, тілектеріңе қауышу үшін жақсы себептерге жабысыңдар. Жаман себептерге жоламаңдар! Ешкім тағдырда белгіленген ризығына қауышпағанша өлмейді.» (Хаким)

«Ризыққа қауышқан адам көп хамд (шүкір) етсін.» (Хатиб)

Халал ризыққа қауышуды қалаған адам себептеріне жабысуы керек! Ақша табу мал-мүлікті арттырады. Бірақ ризықты арттырмайды. Ризық тағдырда белгіленген. Яғни ежелден ажыратылған. Ризық айлыққа, мал-мүлікке, жұмыс істеуге байланысты емес. Алайда Аллаһ әмір еткендіктен жұмыс істеу керек. Өйткені Аллаһу та'аланың істері себептерінің астында көрініс табады. Әдеті осындай. Бірақ кейде себепке жабысқан болса да, ол іс орындалмауы мүмкін. Яки себепсіз де орындалуы мүмкін.

Хамд ету – Аллаһу та'алаға шүкір ету деген сөз. Әр ниғметтің Аллаһу та'аладан келгеніне сену керек. Аллаһу та'ала хазреті Мұсаға былай деді:

«Берген ниғметімді менен келгенін біліп, өзіне тиесілі деп ойламаған адам ниғметтердің шүкірін орындаған болады. Ризығын өзінің жұмысының нәтижесі деп біліп, менен келгенін мойындамайтын адам ниғметтің шүкірін орындамаған болады.» (И.Ғазали)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031