Untitled Document

Тарихи тұлғалар ... Қожа Ахмет Яссауи хазреттері

    Қожа Ахмет Яссауи хазреттері – Түркістан өлкесінен шыққан ұлы ғұлама, әулие. Әкесі - Исфижабта даңққа бөленген әулие, хазреті Әлидің ұрпағы Шейх Ибраһим. Тегі Хазреті Фатима анамызға жанаспағандықтан сәйид емес. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Сайрамда дүниеге келген. Қай жылы туылғаны белгісіз. 1166 ж қазіргі Түркістан (Яссы) қаласында қайтыс болған. Әмір Темір қабіріне өте көрнекті кесене салдырған.

    Ахмет Яссауидің ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Оған 16 жыл қызмет етіп, одан заһир және батын ілімдерінің сыры мен мәнін үйренген. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін Бұхараға барып сол заманғы әһли сүннет ғалымдарының ең үстемі Юсуф Хамаданиге байланып рухани ілімдерден дәріс алды. Адамдарға ілім үйрету, дұрыс жолды көрсету үшін одан ижазат (диплом) алды. Кейін Яссыға қайтып шәкірт жетілдірді.

    Жүз мыңға жуық шәкірттері болды. Яссауидің ілім ұясынан жетілген Яссауия дәруіштері Хорасан, Азербайжан, Хижаз және Анадолу өлкелеріне дейін тарады. Барған жерлерінде жақсы мінездерімен және шырайлы уағыз-насихаттарымен адамдардың дүние және ахырет бақытына қауышуларына себепкер болды.

    Оның «Диуани Хикмет», «Мират ул-Қулуб», «Фақир-нама» атты туындылары көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған... Оның уағыздық өлеңдерінің діни-мистикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады.

    Қайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген Яссауидің кереметтері аңыз, әңгіме болып әлі күнге дейін ел аузында айтылып келеді.

    Ахмет Яссауи бала кезінен бастап Расулуллаһ алейһиссаламның сүннетіне мойынсұнуға тырысқан. Сол себепті 63 жасқа келгенінде Пайғамбарымыздың осы жасында қайтыс болғанын ойлап жер бетінде өмір сүруді жөн көрмеді. Жер астына бір бөлме жасатып, өмірінің соңына дейін осы жер асты бөлмесінде шәкірттеріне дәріс беріп, ғибадатпен өткізді. 125 жасында (басқа деректерде 133) жасында қайтыс болған.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031