Untitled Document

Сұхбат... Шабан айы

Дініміз білдірген қасиетті айлардың екіншісі Шабан айы. Аллаһу та’ала құлдарына аса мейірім еткені үшін, тіпті ананың баласына деген мейірімінен де артық мейірімді болғаны үшін кейбір күндер мен кейбір айларды қасиетті қылған.

Бұл қасиетті айлар мен күндердегі ғибадаттарға, жақсылықтарға өте көп сауап беретінін білдірген. Сондықтан бұл күндері тәубе етіп, истиғфар айту керек, дұға етіп, жалбарыну керек, бұл күндерді үлкен мүмкіншілік деп білу керек. 

Біз үшін үлкен мүмкіншілік болған қасиетті айлардың бірі Шабан айы. Аллаһу та’ала Шабан айын пайғамбарымызға тән қылған. Хадис шәрифтерде бұл айдың маңызы былай білдірілген:

         «Шабан шәриф менің өзіме тән болған ай. Хақ та’ала Арштың періштелеріне былай деп бұйырады: “Ей менің періштелерім, көрдіңдер ме менің құлдарым хабибімнің (сүйіктімнің) айына қалай тағзым және құрмет көрсетуде. Ұлылығымның, құдіретімнің хаққы үшін мен де құлдарымды кешіріміме қауыштырдым.”»

         «Шабан - менің айым, Ражаб Аллаһу та’аланың айы, Ал Рамазан менің үмметімнің айы. Шабан айы күнәларға кәффарат айы, Ал рамазан күнәлардан тазалаушы ай болып табылады.»

         Шабан айында күші жететін, мүмкіншілігі бар адамның ораза тұтуының үлкен сауап екендігі білдірілген. Бірақ бұл оразаларды тұтқанда харамнан, күнә істеуден де қатты сақтану керек.

         Табыстарына мұқият болу керек, халал жолмен табу керек. Бұл айда ораза тұтуға күші жетпейтін адамның немесе ауыр жұмыс иелерінің рамазан айына күш-қуатпен кіруді көздеп ораза тұтпаулары жақсы болады. Өйткені рамазан айының оразасы парыз. Нәпіл ораза ұстаймын деп парыз оразаны қолдан жіберіп алмау керек.

         Қаза оразасы барлар бұл айда тұтатын оразаларына қаза деп ниет етуі керек. Осылайша әрі қазасы өтелген болады, әрі бұл айда ораза тұтудың да сауабына қауышқан болады. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031