Untitled Document

Мәлімет... Рамазан – жаңа ай көрінгенде басталады.

Сұрақ: Ораза ұстауды күнтізбеге қарап бастаймыз ба, әлде жаңа айды көріп бастаймыз ба?

Жауап: Ораза күнтізбеге қарап басталмайды. Негізі, алдын ала жаңа ай туылатын күнді есептеп білуге болады, бірақ дініміз оразаны бастауды жаңа айдың туылуымен емес, көрілуімен байланыстырған. Хадис шәрифте: «Жаңа айды көргенде ораза ұстаңдар, тағы бір көргенде оразаны тастаңдар» деп бұйырған.

Жаңа ай есептеп табылған күні немесе бір күннен кейін көрінеді. Ешқашан есептеп табылған күннен бұрын тумайды, тумағаны үшін де көрінбейді. Өйткені Аллаһу та’аланың орнатқан тәртібінде (ережесінде) қателік, ауытқулық болмайды. Күн мен айдың қай уақытта туып қай уақытта бататынын әуелден есептеп білуге болады. Жаңа ай да есептелген уақытта туады, бірақ ауаның бұлттануы сияқты себептермен немесе айдың дәл біздің аймақта емес, басқа аймақта көрінетін стадиясына тұра келуіне байланысты оны көре алмауымыз мүмкін. Рамазан айының басталғанын анықтау үшін жарты-айды (туған айды) іздеп тауып көру керек. Хижри қамари жылсанағында бір ай 29 күн де болуы мүмкін болғандықтан, жаңа-ай көрінгенде Шабан айының жиырма тоғызы болуы мүмкін. Ал егер жарты-ай көрінбесе Шабан айын отыз күнге толтырып бітіру керек болады. Жаңа-айды көру арқылы Рамазанның басталуы есептеліп табылған күннен бір күннен кейін болуы мүмкін, бірақ бір күн бұрын болмайды. Өйткені жаңа-айдың есептеп табылған күннен бұрын тууы және тумаған айды көру мүмкін емес. 

Рамазан айын жыл сайын отыз күн болады деп ойлайтындар да бар. Бірақ қамари айлар кейде 29, кейде 30 күн болады. Ылғи 30 күннен болғанда, хижри жылсанағы 360 күн болар еді. Оразаның жыл сайын 10 күнге ерте басталуы, қамари айлардың кейде 29 күн болуынан.     




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031