Рамазан сұхбаты ... Хазреті Имам Раббани
1-ші том 45-ші хатында былай дейді:
Мүбарәк Рамазан айы - өте құнды ай. Бұл айда жасалған нафилә (нәпіл) намаз, зікір, пікір, садақа және барлық нәпіл ғибадаттар басқа айларда жасалған парыз ғибадаттармен бірдей. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айда жасалған жетпіс парызбен бірдей. Бұл айда ораза тұтқан бір адамға ауызашар бергеннің күнәлары кешіріледі. Тозақтан азат болады. Бұлардан бөлек сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап та беріледі. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймайды. Бұл айда қол астындағылардың жұмысын жеңілдеткен, олардың ғибадат жасауларына жағдай жасаған басшылар да кешіріледі. Тозақтан азат болады. Рамазан айында пайғамбарымыз “алейһиссәлату уәсәлләм” тұтқынға түскендерді босатып, сұралған нәрсенің барлығын беретін еді. Бұл айда ғибадат пен жақсы амалдар жасай алғандарға жыл бойы осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік көрсетіп, күнә жасаған адам жыл бойы күнә жасаумен өтеді. Қолдан келгенше ғибадат жасап, Аллаһу та’аланың разы болатын амалдарын жасау керек. Бұл айды ахиреттің бақытына жету үшін жұмсау керек. Құран кәрім Рамазан айында түсті. Қадір түні де осы айда. Рамазан айында ауызды кеш жауып, ерте ашу – сүннет. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” осы екі сүннетті орындауға көп мән беретін еді. Ауыз жабуды (имсак уақытына дейін) кешіктіру мен ауыз ашуда (күн батқаннан кейін алғашқы жарты сағаттың ішінде ашу) асығу – адамның қаншалықты әлсіз екенін, жеп-ішуге және барлық нәрсеге мұқтаж екенін көрсетіп тұрғандай. Ғибадат деген осы. Құрмамен ауыз ашу – сүннет. Ауыз ашарда «Зәһәбәз-зәма уәбтәлләт-ил уруқ уә сәбәт-әл-әжр инша’аллаһу та’ала» дұғасын оқу, тәрауих намазын оқу және хатм түсіру – маңызды сүннет болып табылады.
!!! Бүгін Рамазанның алғашқы тарауих намазы оқылады. !!!