Сұхбат... Салих (жақсы) адам болу үшін (1)
– Аллаһу та’ала: «Халал және таза болған нәрселерді жеңдер» деген. (Бақара 168) Сүйікті пайғамбарымыз: «Ғибадат он бөліктен тұрады. Тоғызы халалды талап ету» деген. Қалған біреуі бүкіл ғибадаттар болып табылады. Харам жеген адам бойынан ғибадат етуге күш-жігер таба алмайды. Ал халал жеген адам күнә істемейді.
– Хадис шәрифте былай делінген: «Ақылды адам дұға және ғибадат ету үшін, нәпсін есепке тарту үшін, кемшіліктерінің өзіне білдірілуі үшін және мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін уақыт бөледі. Тіліне ие болады, уақытын тиімді пайдаланады, жұмысына барады және ең адал досына да ықтиятты болады.» (Дәйләми)
– Мұсылман күлімдеген, жылы, жарқын жүзді болуы керек. Қабағын түйіп жүрмеуі керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Мүмин бауырының жүзіне қабағын түйіп қараған адамға періштелер лағынет айтады.» (Хатиб)
«Мүмин бауырына күлімдеп қарау садақа.» (Ж. Сағир)
– Қатемізді айтқан адамды жақсы қабылдап оған рахмет айтуымыз керек. Хадис шәрифте былай делінді: «Аллаһтан қорық дегенге, сен алдымен өзіңе қара деген адамды Аллаһу та’ала жақсы көрмейді» (Бәйһақи)
– Мұсылман адамгершілігімен, көркем мінезімен, барлық жақсы қасиеттерімен басқаларға үлгі болуы керек, адамдарға көмектесуі, қиындық тудырмауы керек. Хадис шәрифте: «Мұсылман жеңілдетеді (оңайлатады), мүшкілдік (қиындық) шығармайды» делінген. (Нәсаи)
– Бақытты, берекелі өмір сүру үшін дүниелік ниғметтері бізден аз болған адамдарға қарап халімізге шүкір етуіміз керек. Хадис шәрифте былай делінген:«Байлардың жанына кіріп шығуды азайтыңдар. Бұл, Аллаһу та’аланың сендерге берген ниғметтерін төмен көрулеріңе себеп болады.» (Хаким)
– Сөйлеп жатқан адам жаман біреу немесе жас бала болса, егер хақ үшін тырысып жатса қарсылық көрсетпеу керек, керісінше қолдау керек. Хадис шәрифте:«Үлкен, кіші немесе ұнамайтын біреу хақ нәрсені қорғап жатса, сөзі хақ болса қабыл ет, егер пиғылы бұзық, сөзі жалған болса қабылдама!» делінген. (Дәйләми)
(жалғасы ертең)