Untitled Document

Сұхбат... Мұсылманның міндеттері

Мұсылманның үш түрлі міндеті бар:

1) Жеке міндеті: Әр мұсылман өзін жақсы жетілдіруі, дені сау, әдепті, жақсы мінезді болуы, ғибадаттарын орындауы, ілім мен жақсы ахлақты (мінез-хұлықты) үйренуі, халал азық табу үшін еңбек етуі – жеке өзінің міндеттері.

2) Жанұя ішіндегі міндеті: Жұбайының, ата-анасының, бала-шағасының, бауырларының алдындағы ақыларын, міндеттерін орындау – жанұя ішіндегі міндеттері.

3) Қоғамдағы міндеті: Көршілерінің, ұстаздарының, оқушыларының, отбасының, қол астындағылардың, өкіметтің және мемлекеттің, бүкіл отандастардың, діні мен ұлты басқа болғандардың алдындағы міндеттері. 

Бәріне жақсылық етуі, қолымен, сөзімен ешкімді ренжітпеуі, ешкімге зиян тигізбеуі, қиянат етпеуі, бәріне пайдалы болуы, мемлекетке, заңға қарсы шықпауы, әркімнің ақысын өтеуі қоғамдағы міндеттері болып табылады.

Күннің тарихы ...

Дүниежүзілік Қыбла күні

      Қыбла бағытын табуда жіберілген қателіктерді кетіру үшін 28 мамыр және 16 шілде күндері «Дүниежүзілік Қыбла Күні» деп белгіленген. Мысалға: Алматы қаласында Астана сағатымен 28 мамырда сағат 15:18 де және 16 шілде күні сағат 15:26 да, жылда екі рет күн дәл Қағбаның төбесіне тура келеді. Күн Қағбаның төбесіне келгенде жер бетінде күнді көріп тұрған аймақтарда күнге қарай бұрылғандар дәл Кағба бағытына қараған болады. Осылайша бір қаланың құбыла бағыты оңай жолмен және дұрыс табылған болады.  




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031