Сұхбат... Аллаһқа шүкір етудің маңыздылығы
Шүкір ету үшін ислам дініне мойынсұну керек. Исламның үкімдеріне мойынсұнып, тыйымдарынан, күнәлардан аулақ болған адам шүкір еткен болып саналады. Имам Раббани хазреттері: «Аллаһқа шүкір ету – Оған сеніп, әмір мен тиымдарына мойынсұну арқылы іске асады.» деген. (Мәктубат 3/47)
Бір аяти кәримада былай делінген: «Йа Мұса, саған берген әмір мен тыйымдарыма мойынсұнып, шүкір еткендерден бол!» (Араф 144)
Басымызға бір ниғмет, жақсылық келгенде, қиын жағдайдан құтылған кездерде «Әлхамдулилләһ» деу керек. Хадис шәрифте: «Бір ниғметке Әлхамдулиллаһ деген адам ниғметтің шүкірін жасаған болады.» делінген. (Бәйһақи)
Шүкір еткен құтылады, табысы, берекесі артады. Бір аяти кәримада былай делінеді:
«Аллаһқа иман келтіріп, ниғметтеріне шүкір ететін болсаңдар, сендерге неге азап берсін?» (Ниса 147)
«Шүкір етсеңдер ниғметтерімді арттырамын. Қадірін білмей обал қылсаңдар оларды сендерден алып, өздеріңді қатты азапқа душар етемін.» (Ибраһим 7)
«Біз шүкір еткендердің марапатын береміз.» (Али Имран 145)
Шүкір ету осыншалықты маңызды. Әйтсе де шүкір ететіндер өте аз. Бір аятта былай делінеді:
«Құлдарымның арасында шынайы шүкір ететіндер аз.» (Сәбә 13)
Мына үш хадис шәрифте шүкірдің маңыздылығы турасында былай делінеді:
«Ниғметке қауышқанда шүкір ететін, пәлекетке душар болғанда сабыр ететін, біреудің ақысын жегенде кешірім сұрап, зұлымдыққа ұшырағанда кешірімді болатын болса, ол амандық пен хидаятта болады.» (Табарани)
«Мұсылманның әр ісі жақсылық. Ниғмет келгенде шүкір етіп жақсылыққа қауышады. Пәлекет келгенде сабыр етіп тағы да жақсылыққа қауышады.» (Мүслим)
«Мына үш нәрсе иманның белгісі: Бәле-жалаға сабыр, ниғметке шүкір, қазаға (тағдырға) разылық.» (Ихйа)