Сұхбат... Жамандықтардан құтылудың жолы
Сұрақ: Үлкен күнәлардан құтылудың жолы қандай?
Жауап: Әр түрлі күнәлардан құтылудың бір ғана жолы бар. Бұл жол Құран кәрімде ашық білдірілген. Бұл шараны қолданған әрбір мұсылман әдетке айналған үлкен күнәларды жасаудан міндетті түрде құтылады. Анкебут сүресінің 45-ші аятында «Дұрыс оқылған намаз адамды мүнкәр және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге қайшы болған нашақорлық, арақ, зина, ливата секілді әр түрлі жамандықтардан) сақтайды.» делінеді.
Бір жас жігіт намаз оқитын еді және әр түрлі күнәларды да жасайтын еді. Бұл жігіттің жағдайы Расулуллаһ алейһиссаламға білдіріледі. Пайғамбарымыз: «Бір күн келер, намаз – оны басқа күнәлардан сақтайды.» деп бұйырады. Арадан көп уақыт өтпестен жас жігіт күнәларына тәубе етеді де салих құлдардан болады. Сондықтан да міндетті түрде намаз оқу керек!
Намаз оқудың құндылығы өте зор. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Жаннаттың кілті – намаз.» (Дарими)
«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны секілді.» (Табарани)
«Намаз оқыған адам қияметте азаптан құтылады, ал оқымағандар қатты қиналады.» (Табарани)
«Намаз – Аллаһу та’ала разы болған амалдардың ең құндысы, сират көпірінен найзағайдай өткізуші, иманның басы және жаһаннамнан құтқарушы.» (Мифтаһ-ул-Жәннә)
«Аллаһу та’ала бес уақыт намаз оқуды парыз қылды. Намазын кемшіліксіз, дұрыс оқыған адамды жаннатқа кіргізетініне уәде берді. Намаз оқымайтын адамға ешқандай уәде бермеді. Мұндай адамға қаласа азап береді, қаласа жаннатына кіргізеді.» (Әбу Дауд)
«Мүмін Аллаһу та’аланың разылығы үшін намаз оқыған кезінде ағаштың жапырақтары төгілгені сияқты, күнәлары да төгіледі.» (И. Ахмед)
«Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, қалған амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)