Untitled Document

Мәлімет... «Сұмдық» тәжірибе

Бұл сұмдық тәжірибені балалардың сендіруге қаншалықты бейім екенін анықтау үшін 1939-жылы АҚШ психологы Уэнделл Джонсон мен оның көмекшісі Мэри Тюдор өткізген.

Тәжірибе үшін Дэвенпорт қаласындағы жетімдер үйінің 22 баласы таңдалып алынды. Оларды екі топқа бөлді. Бірінші топтың балаларына қандай әдемі, дұрыс сөйлейсіңдер деп мақтау сөздерді көп айтады. Екінші жартысына сөйлеген сөздерің құрысын, бейшара кекештер деп айта береді. Бұл сұмдық тәжірибенің нәтижесі де сұмдық болды: екінші топтағы сөйлеуінде ешқандай ақау болмаған көп балада өскен сайын дамып, өмір бойына кеткен кекештік қалыптасып кетті.  Тәжірибенің өзін дәрігер Джонсонның беделіне нұқсан келмеу үшін қоғамнан ұзақ уақыт бойы жасырып келді. Бірақ, кейінірек адамдар бәрібір бұл туралы білді. Бұл тәжірибені кейін нацситтер концлагерь тұтқындарына да жүргізді.  

Қазіргі заман қоғамына қарасақ, ата-аналардың балаларын қалай тәрбиелеп отырғанын көріп таңданбасқа амалың қалмайды. Олардың балаларын ұрсып, тілдеп, кекетіп, жаман сөздер айтып жатқанын жиі көруге болады. Осындай балалардан психикасы бұзылған, дамуда қалыс қалған адамдардың өсіп шығуына таң қалуға болмайды. Балаларымызға айтқан әрбір сөзіміз, егер оны жиі қайталай беретін болсақ, уақыт өте келе бұл олардың ішкі жан дүниесіне және тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, балаларымызбен қарым-қатынас кезінде олармен қалай сөйлескенімізді, қандай сенімділік қалыптастырғанымызды және қандай құндылықтарды сіңіргенімізді мұқият бақылап жүруіміз керек. Тек дұрыс тәрбие мен ата-ананың нағыз махаббаты ғана біздің ұлдарымыз бен қыздарымызды ақылды ұрпақ етіп, ересектердің өміріне дайындықпен келіп, салауатты қоғамның саналы азаматы болып өсуіне ықпал ете алады. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031