Untitled Document

Ғибрат... Абдуллаһ әл-Ажеми (2)

Хазрет: «Патшам, мен мал-мүлкі жоқ, ғаріп жанмын» дейді. Бірақ патша ниетінде берік еді. Абдуллаһ әл-Ажеми хазреттері оның бұл ұсынысын кері қайтармады. Патша сарайға келіп жағдайды әйелі мен қызына айтып берді. Олар да құптап, некелері қиылады. Келін жасаулары, түйелерге артылған жүктерімен ауылға таяғандарында хабаршылар Абдуллаһ әл-Ажемиге хабар береді. Ол алдарына шығып қарсы алады. Патша қызының түйе үстінде салтанатты жағдайын көргенінде жақындап: «Сұлтанның қызы! Менің жұбайым болуға келісім берген екенсің, енді саған айтар аздаған бұйымтайым бар» дегенінде қыз: «Иә, айтыңыз» деді. «Олай болса, енді мына салтанатты түйеден түс! Сәнді киімдеріңнің орнына мына қарапайым киімдерді ки! Кейін мына тұрған бағбан үйіне кір» дейді. Қыз бұл айтылғандарды көңіл ризашылығымен орындады. Екеуі бақ-берекелі жанұя құрады.

Мәлик Захир мен Абдуллаһ әл-Ажеми хазреттерінің бұл оқиғасы халық арасына таралып, мұны естіген Ирактағы бір әулие мен шәкірттері Абдуллаһ әл-Ажеми хазреттерін зиярат ету үшін осы ауылға келеді. Келгендерінде Абдуллаһ әл-Ажеми бақшаның шөптерін жинап жүреді. Келген қонақтардың ұстазы Аллаһу та’алаға дұға етіп, шөптерге ишара етті. Аллаһу та’аланың рұқсатымен шөптер бір мезетте жинала қалды. Абдуллаһ әл-Ажеми хазреттері оларды қарсы алғананнан кейін неліктен бұлай істегенін сұрайды. Әлгі кісі «тақсыр, сізді шаршамасын, бізге насихат айтсын деп осылай істедім» дейді. Хазрет: «Біз бұлай болуын қалағанымызда, Аллаһу та’аланың рұқсатымен шөптер жиналар еді. Бірақ біз азығымызды маңдай термен табуды жөн көреміз» деп маңдайындағы терін сүртеді. Кейін «Ей бақшадағы шөптер орындарыңа қайтыңдар» дегенінде шөптер бұрыңғы қалпына қайта келеді. Зиярат етуге келген кісі оның шәкірті қатарына қосылып, қайтыс болғанға дейін ол жерден айрылмады. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031