Сұхбат... Салауат айту
Абдуррахман ибн Аттаб Қуртуби хазреттері Малики мазһабының фиқһ ғалымы, 433 (м.1041) жылы Әндүлүсте (Испания) Қуртубада (Кордоба) туылып, 520 (м.1126) жылы сол жерде қайтыс болды. «Шифа-ус-судур» атты кітабында былай жазған:
Хазреті Әнәс жеткізген хадис шәрифте расулуллаһ алейһиссалам айтты: «Аллаһу та'аланың (періштелерінен) бір періште бар. Оның бірі шығыста, бірі батыста екі қанаты бар. Бір құл жақсы көріп тұрып маған салауат оқыған кезде періште суға түсіп, кейін сілкінеді. Аллаһу та'ала періштеден шашыраған әр тамшыдан бір періште жаратады. Бұл періштелер маған салауат оқыған кісіге қияметке дейін истиғфар етеді (кешірімін тілейді).»
Хадис шәрифте айтылған: «Кімде-кім Аллаһу та'ала одан разы болған күйде Аллаһқа қауышуды қаласа, маған көп салауат оқысын. Өйткені кімде-кім күніне 500 рет маған салауат оқыса, мәңгілікке кедейлік көрмейді, күнәлары кешіріледі, қателіктері өшіріледі, қуанышы тұрақты болады, дұғасы қабыл болады, үміт еткендеріне жетеді, дұшпандарына қарсы жәрдем көреді, қайырымдылық жасау тұрғысында көмек көреді, жәннатта пайғамбарына дос болады.»
Салауат оқу «Аллаһ және періштелері пайғамбарға үнемі салауат айтады. Ей, иман келтіргендер! Сендер де оған көп салауат айтыңдар және толықтай мойынсұнушылықпен сәлем беріңдер» (Ахзаб сүресі, 56-аят) деген бұйрыққа бағыну болып саналады. Бұл күнәлардың кешірілуіне себепші.
(«Салат» - дұға деген сөз. Ал «салауат» дегеніміз «салат» сөзінің көпше түрі, «дұғалар» дегенді білдіреді. Салауат қысқаша: “Аллаһуммә салли ала Мухаммәд уә ала али Мухаммәд” деп айту. Пайғамбарымыздың аты аталғанда “алейһиссалам” немесе ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм” деп қосып айтқан кісі де салауат оқыған болады.)