Untitled Document

Мәлімет... Керахат (мәкрух) уақыттар

Ишрақ уақыты: Күннің көкжиек (горизонт) сызығынан 5 градус көтерілуінен басталатын уақыт “ишрақ уақыты” деп аталады. Бұл уақыт күн шыққаннан кейін шамамен 45-55 минуттан кейін кіреді. Күн шыға бастағаннан ишрақ уақытына дейін намаз оқу харамға жақын мәкрүх болып саналады. Сол себеппен мұсылмандар айт намаздарын бүкіл әлемде күн шығып, керахат уақыты өткеннен кейін оқиды.

Зауал уақыты (тал түс): Күннің горизонттан бастап ең биікке көтерілген уақыты “зауал уақыты” деп аталады. Бұл барлық заттардың көлеңкесі ең қысқа болатын уақыт. Бұл уақытта намаз оқу харамға жақын мәкрух болып табылады. Бұл уақыт шамамен бесін намазына 20-25 мин қалғанда басталып, бесін намазы кіргенге дейін жалғасады.

Исфирари шәмс: Күн көкжиекке 5 градус жақындағаннан басталатын, яғни күннің батарда тіке қарай алатындай дәрежеде сарғая бастаған уақытымен батқанға дейінгі уақыт аралығы “исфирари шәмс” уақыты деп аталады. Екінді намазының уақыты Бесін уақыты біткеннен кейін басталады және күн батқаннан кейін бітеді. Бірақ исфирар-и шәмс уақытында намаз оқу және екінді намазын осы кезге дейін кешіктіру харамға жақын мәкрүх болып саналады. Алайда егер сол күнгі екінді намазы оқылмаған болса, осы уақытта міндетті түрде оқу керек. Бұл уақыттың мөлшері шамамен 45 - 55 мин арасында өзгеруде.

Тек нәпіл намаз оқу мәкрух болған екі уақыт бар. Таңертеңгісін фәжри садық (көкжиек) ағарып күн шыққанға дейінгі уақытта таң намазының сүннетінен басқа нәпіл намаз оқылмайды. Екінді намазын оқығаннан кейін ақшам намазынан бұрын нәпіл намаз оқу тахриман мәкрух болады. Жұма күні имам мінберге шыққан кезде және азаншы қамат айтып жатқанда, басқа намаздарда да имам намаз оқып жатқанда нәпіл намазды яғни сүннет намазды бастау мәкрух болады. Тек таңғы намаздың сүннетін бастау мәкрух емес. Мұны оқығанда да саптан ұзақ жерде немесе тіректің артында оқу керек. Имам мінберге шықпай тұрып бастаған сүннетті бітіру керек деп білдірілді. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031