Дұға... Ең жақсы дұға
Аллаһу та'аланың бір құлынан разы болуы сол адам үшін ең үлкен сүйінші. Мүминнің ең жақсы дұғасы – біреуге Аллаһу та'ала сенен разы болсын деп айтуы. Егер Аллаһу та'ала бір құлынан разы болса, оған барлық ізгілікті берді деген сөз. Аллаһу та'ала разы болған құлдарын разы болған жерінде ұстайды. Раббымыздың разы болған жері – Жәннат. Дұға еткенде жәннатқа кіруді сұрау керек. «Аллаһ беруді қаламағанда, қалауды бермес еді» деген даналық сөз бар.
Аллаһу та'ала құлына бір нәрсе беруді қаласа, оған бір нәрселер айтқызады, істеткізеді. Ол бермекші болғанын себеппен бергендіктен, біздің себепке жабысуымызды қалайды, яғни «Йа, Раббым, бізге жәннатыңды бер» деп айтқызады. Онсыз да сөйлеткізетін де, беретін де Ол.
Күннің тарихы...
Хазреті Айша Сыддық
Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уасаллам” қасиетті әйелі және хазреті Әбу Бәкір Сыддықтың қызы. Анасы Умми Руман. Хижреттен 8 жыл бұрын туылып хижри 57 жылы (милади 13 шілде 676 ж) 65 жаста Мадинада қайтыс болды. Бақи мазарында жерленген.
Хадиша Кубра хазреттерінің қайтыс болуынан бір жылдан кейін некеленді. Ақылы, зеректігі, ары және тақуалығы таңғаларлықтай өте көп еді. Расулуллаһ тарапынан қатты жақсы көрілді және көп мақталды. Некесі Аллаһу та’аланың әмірімен қиылды. Аят кәримамен мадақталған. Сахабалар қиындықтарынан шығу үшін одан кеңес сұрайтын. Хазреті Айшаның үстемдігін және қасиетін білдіретін Хадис шәрифтер өте көп.