Untitled Document

Кәсіпкерлік... Сенімділік (1)

Бір кәсіпкердің жұмыстары тоқтап, тіпті кері кетіп жатқан еді. Бір кездері жетістікті, ауқатты халде жүрген адам қазір қарыздар күй кешіп жүреді. Бір жағынан кредиттердің мерзімі таяп, бір жағынан қарызын талап еткен адамдар қысып, дағдарыс ішінде түңіліп жүрген кәсіпкер тыныс алу үшін паркке келеді. Орындыққа отырып, екі қолымен басын құшып, бұл тығырықтан қалай шығуға болатынын ойлана бастайды. Сол сәтте қасына бір қарт кісі келіп: «Сен мұңлы көрінесің, басың дертте екені жүзіңнен белгілі. Тыныштық па балам, қандай мәселе сені мазалап тұрған?» дейді. Кәсіпкер шерін тарқатып, басындағы жағдайын біртіндеп айтып береді. Тыңдап отырған әлгі қарт кісі: «Еңсеңді түсірме балам, мен саған көмектесейін» деп қалтасынан чек кітапшасын алып, бір парағын жыртты да кәсіпкерге ұстатып: «Мына ақшаны алып, шаруаңды реттеп ал, бір жылдан кейін осында кездесейік, сол кезде маған қарызыңды қайтарарсың» дейді. Қолындағы чекке қарап, не болғанын түсінбей есеңгіреп тұрғанында әлгі қарт кісі бұрылып кетіп қалады. Чекте 500 мың доллар деп жазулы еді, ал төменінде әйгілі миллиардер Джон Рокфеллердің қол таңбасы тұрады. Кәсіпкердің қуанышында шек жоқ. Сірә қиын сәтте әлемдегі ең бай адам алдынан шығып, қол ұшын созған болатын. «Барлық қарыздарымнан құтылатын болдым» деп ойлайды. Өйткені Джон Рокфеллердің бұл чегі барлық мәселелерін шешуге жарайтын еді. Бірақ шамалы ойланып, бұл чекті бұздырудан бастартады. (Жалғасы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031