Құрбандық ... Құрбандықты қашанға дейін союға болады?
1- Құрбандық малды айттың үшінші күні күн батқанға дейін союға болады. Айт намазынан бұрын союға болмайды.
2- Жұма намазы оқылмайтын “мәзра” деп аталатын кішкентай ауылдарда, фәжірден (таң шуағы ағарғаннан) кейін, яғни айт намазынан бұрын да союға болады. Түнде құрбандық сою жаиз болса да мәкрух болады.
3- Шафии мазһабында айттың төртінші күні де союға болады. Бірнеше адамға уәкіл болып бір себептермен (үзірмен) айттың үшінші күні де құрбандық соя алмаған адам Шафии мазһабын тақлид етіп төртінші күні де союына болады.
4- Нәпіл, ақиқа және аталған (нәзр) малды кез-келген уақытта союға болады. Бірақ құрбан айтта сойған жақсы болады.
5- Айт жұма күніне тура келетін болса да, құрбандықты айт намазынан кейін соя беруге болады.
6- Құрбан айттың үшінші күні кедей болатынын немесе сапарға шығатынын білетін адамға бірінші күні құрбандық шалу уәжіп болмайды. Алайда сойған жағдайда уәжіпті орындаған болады.
7- Кедей айттың бірінші күні бір қошқар алып сойғаннан кейін үшінші күні байыса, қайтадан құрбандық шалуы керек емес. Уәжіпті орындаған болады. Үшінші күні бай болатынын білетін адам да құрбандығын бірінші күні союына болады.
Хикмет...
Төрт нәрсе
Сәһл бин Абдуллаһ Тустери былай деген:
«Шынайы иманға қауышу үшін төрт нәрсе қажет. Бүкіл парыздарды әдеппен орындау, халал азық жеу, көрінетін және көрінбейтін бүкіл харамдардан сақтану және бұл үшеуін ұстануға өлгенге дейін сабыр ету.»