Untitled Document

Сұхбат... Барлық адамдар ризығына қауышады

Аллаһу та’ала әрбір адамның, әрбір жануардың ризығын әзелде (ертеде) тағдыр еткен, бөлген. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және жұтқан ауасының мөлшері де белгілі болғаны секілді әрбір адамның денесінің және рухының ризықтары да белгілі. Ризық еш өзгермейді. Азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жемей тұрып, бітірмей тұрып өлмейді. Адам Аллаһу та’аланың әмір еткені үшін еңбек етсе, ризығын халал жолмен тапса, әзелде (ертеде) белгілі болған ризығына қауышады. Бұл ризық оған берекелі болады. Бұл еткен еңбектері үшін де көп сауап алады.

      Егер ризығын Аллаһу та’аланың тыйым салған жолдарынан іздесе, тағы да сол әзелде бөлінген белгілі ризығына қауышады. Бірақ бұл ризық оған қайырсыз, берекесіз болады. Ризығына қауышу жолында жинаған күнәлары да оны пәлекеттерге қауыштырады.

      «Қазір заманға сай, модаға сай жүрмеуге болмайды.» деп балаларын, әсіресе қыздарын ақша табуы үшін харам жерлерге жіберетіндер көбеюде. Аш қалудан қорқып, оларға діндерін үйретпеуде, Құран кәрім оқытпауда, балаларын надандардың қолына тапсыруда. Балаларын дінсіз, имансыз етіп өсіруде. Болашақтары жақсы болсын деп ар-намыстарының, ұяттарының жойылуына кімнің көңілі разы болады? Қиыншылық тартып бәрібір сол әзелде бөлінген ризықтарына қауышуда. «Намаз қарын тойғызбайды, қыздардың үй істерін үйренулері нан пұлдарын тапқызбайды. Заманға сай жүрмей, дін бойынша жүрсек аш қаламыз» деген секілді жарым ес сөздер де айтылып жатады. Ал негізінде бала-шағаға кішкентайынан бастап діндерін, имандарын үйрету керек, Құран кәрім оқыту керек, одан кейін Аллаһу та’аланың әмірлеріне сай жолдармен ақша табуға үйретілсе тағы да сол ризыққа оңай қауышады. Ата-аналары да, балалары да сауапқа кенеледі, әрі тапқан табыстарының да берекесін көреді. Дүниеде және ахыретте бақытты болады




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031