Кәсіпкерлік... Өзгеше ойлау (1)
Бір физика пәнінің мұғалімі мен студенті арасында емтихан сұрағына берілген жауап турасында келіспеушілік туындап, екеуі оқу орнындағы профессорға келеді. Сұрақ мынадай еді: «Қандай да бір ғимараттың биіктігін барометр арқылы қалай табуға болады?» Студент болса бұл сұраққа «Барометрді жіпке байлап ғимараттың шатырынан төмен қарай түсіремін. Барометр жерге тигенге дейінгі жіптің ұзындығын өлшеу арқылы ғимараттың биіктігін табамын» деп жауап берген болатын. Әрине мұғалімнің күткен жауабы бұл емес еді. Әйтсе де мұндай жолмен табуға болары анық. Профессор екеуін тыңдағаннан кейін пікірталасты ұзатпау үшін шәкіртке бұл сұрақты басқа жолмен қалай шешуге болатынын сұрайды. Шәкірт: «Оның шешу жолдары көп қой» деді. Профессор ойыңа келген бірнешеуін айта қойшы, бірақ ең болмағанда біреуі физиканы қамтитын болсын» дейді. Шәкірттің бірінші жауабы мынадай еді: «Барометрді шатырдан төмен қарай тастап жіберіп, секундомермен қанша уақытта жерге түскенін анықтап x=0.5*a*t^^2 формуласы арқылы биіктікті табамыз» Күтілген жауап бұл болмаса да физиканы қамтитын еді. Шәкірт жауаптарын тізбектеуді ары қарай жалғастырды: «Ашық аспанды күнде барометрді тік ұстап өлшеп, сосын көлеңкесін өлшеп, содан кейін ғимараттың көлеңкесін өлшеп пропорция құру арқылы ғимараттың биіктігін табуға болады.» Бұлай да дұрыс. Шәкірттің үшінші жауабы: «Басбалдақпен көтерілген сайын дуал бойымен барометрдің бойын белгілеп, кейін белгі мөлшерімен барометрдің биіктігін көбейтеміз.» Бұлай да өлшеуге болады. (Жалғасы ертең...)