Жалғасы... Өзгеше ойлау (2)
Ал төртінші жауап мұғалімдердің шынайы түрде таңданыстарын тудырды. Өйткені бұл жауабы шәкірттің физиканы өте мықты білетінін айқындап тұр еді. «Кішкентай жіпке барометрді байлап алдымен жерде, сонан соң шатырда тербетеміз. Жіптің ұзындығы мен тербелу периодтары арасындағы айырмашылық арқылы Ньютонның “g” коэффицентін анықтап, екі “g” коэффиценті арасындағы айырмашылық арқылы ғимараттың биіктігін табамыз.» Соңғы жауаптан кейін шәкірттің физиканы мықты білетініне бәрінің көзі жетеді. Мұғалімдердің көзінде үлкен әсер қалдырған шәкірт енді күліп жіберді де: «Негізінде ең оңайы ғимарат күтімінен жауапты адамға барометрді сыйға беріп, есесіне ғимараттың ұзындығын айтуын өтіну керек» дегенінде мұғалімдер де күле бастады. Профессор шәкіртке қарап: «Мұғаліміңнің сенен күткен негізгі жауапты білемісің?» дегенінде шәкірт: «Иә, шатырдағы қысым мен жердегі қысымды өлшеп, арадағы айырмашылықтан биіктікті табамыз» дейді. «Онда неге қажетті жауапты жазбадың» деген сұраққа: «Өйткені таяз ойлаудан және тар көзқарастан жалықтым» деп жауап берген екен...
Бұл мысал кейбір сырты бүтін іші түтін, орынсыз ұрандар мен ережелерге шектелмей кең пікірлеп, жан-жақты ойлаудың артықшылығын көрсетіп тұрғандай. Расында өмірдегі көптеген мәселелер бір ғана шешімнен тұрмайды. Кейде үйреншікті жолға қарағанда, өзгеше жолдар көбірек жеміс беруі мүмкін.