Untitled Document

Жалғасы... Баланы кітапқа баулу (2)

Көп уақыт бөлу де шарт емес, жарты сағат кітапқа көңіл бөлсеңіз немесе кітап оқығансымақ болсаңыз, балаңыздың кітапқа қызығушылығын оята аласыз. Тіпті балаңыз оқу, жазу білмейтін болса да осылай баланың қызығушылығын оятуға тырысу керек. Балаларға арналған кітапша, журнал әперіңіз. Оқу білмесе де беттерін ақтарып, суреттерін қарайды. Өзіңіз де оған ішінен ертегі, әңгімелерін оқып беріңіз. Бір-екі рет оқып дағдыға айналдырсаңыз, кейінгі күндері балаңыз оқып беруіңізді өзі сұрайтын болады.

Тағы бір айта кететін жәйт теледидар, интернет, әлеуметтік желі, телефон секілді көңілді алаңдататын, уақытты жейтін дүниелер бар. Осы дүниелерге шектеу қойып, телефондағы интернетті жабық ұстап, мүмкін болса теледидарды мүлдем қоспаған жөн.

Қадірлі замандастар! Оқуға, оқыған ұрпаққа қажеттілік бар. Ұлттық және рухани құндылықтарымыздан бастап, кейін мамандығымызға қатысты кітаптар мен мақалалар оқуға құлшыныс танытайық. Газет, журналдардағы мақалалардан оқиық. Газет-журналдан кітапқа өту оңай болады. Бір кітапты күніне 1-2 беттен оқып бастап та осы жолда қадам тастауға болады. Өзіміз оқиық, сонда бала-шаға да оқитын болады.

Кешегі жауап: Жұмыртқаны стол үстіне қойып, айналдырған жағдайда шикі жұмыртқа айналмайды, ал піскен жұмыртқа зырылдап айнала кетеді.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031