Untitled Document

Денсаулық... Миға пайдалы және зиянды өнімдер

Күнімізде өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқан фаст фуд тағамдары ас қорыту жүйесіндегі келеңсіздіктерге, әсіресе салмақ қосуға жол ашатыны құпия емес. Сонымен қатар зерттеулер нәтижесі тұрақты түрде фаст фуд тағамдарымен қоректену миға да кері әсер ететіндігі ұмытшақтық пен депрессия, алцгеймер, шизофрения секілді ақауларға алып келетіндігін көрсетуде. Англияның зейін саулығы қорының зерттеу бөлімі директоры Доктор Кортней Ван де Вейр : «Адамдардың соңғы кездері әдетке айналдырған фаст фуд тағамдары жүйелі және салауатты болудан қалды. Зерттеулерге сүйенсек жемдерде қолданылатын қоспалар және егіншілікте қолданылатын дәрілер мал ағзасында өзгерістерге жол ашуда. Осы себепті адамдар омега 6 май қышқылын омега 3-ке қарағанда көбірек тұтынатын жағдайға келуде. Бұл ақауға тағы дәрумен мен минерал жетіспеушілігі қосылғанда ұмытшақтық және депрессия секілді келеңсіздіктерге, оның арты алцгеймер, шизофрения секілді дерттерге әкеп соғады.» Мамандар миға пайдалы өнімдер мен зияндыларын тізімін қысқаша былай тізбектеуде:

Миға пайдалы өнімдер:

Көкөністер (талшықты болғандар)

Дәнді-дақылдар

Жемістер

Бидай, кебек

Жұмыртқа

Табиғи жетілген балықтар

Миға зиянды өнімдер:

Қуырылған фаст фуд тағамдары

Рафинадталған, өңделген азықтар

Алкогольді ішімдіктер

Шекер

Шамадан артық шай және кофе

Азықтарға қосылатын кейбір қоспалар

Егіншілік дәрілерін қамтитын азықтар




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031