Жалғасы... Жауапкершіліктің маңызы (3)
Қысқаша жауапкершіліктің маңызын былай қорытындылауға болады:
1. Жауапкершіліктің болмауы өмірдің барлық салаларында құлдырауға алып келеді:
- Жауапкершілік сезімінің болмауы — адамдардың басым бөлігінің жетістікке жетпеуінің және жете алмайтындығының ең маңызды себептерінің бірі;
2. Жауапкершіліксіздіктің белгілері:
- қиындыққа арыздана беру;
- бейқарекеттің себебін іздеу, ақталу;
- айналасындағыларды немесе жағдайды кінәлау;
- өзгенің аяушылығын күту;
- өзін құрбан етіп көрсету;
- мәселелердің шешімі өзіне байланысты болған жолдардан қашқақтау;
- мақсатына жету жолында қандай да бір құрбандыққа (қадам, іс, әрекет) баруды қаламау;
3. Мәселелердің шешімін табу үшін міндетті түрде өзіңдегі жауапкершілік сезіміңді ояту керек;
4. Жауапкершілік белгілі бір құрбандық (қадам, іс, әрекет) жасауға дайын болуды білдіреді;
5. Жауапкершілік сезімі мәселені шешуге көмектесетін, кез-келген ақпаратқа зейініңді бағыттап, бағдар беретін түпкі сананы қолданысқа қосады.
Кешегі жауап: Су көтерілгенде судың денені көтеру күші көбейеді. Сондықтан денені балшыққа батыратын қысым азаяды.