Отбасы... Ата-ана мен жасжұбайлар
Кейбір ата-аналардан балаларын ұядан ұшырғанын қабыл ете алмайтындар болады. Жастар арасында сәл түсініспеушілік туындағанын естісе дереу араласып, әркім өз баласын жақтап, айқай-шу көтеріп жағдайды одан сайын өрбітетіндер бар. Одан қалса құда-құдағилердің өз араларында шен, абырой бөлісе алмай жастарды ажыратып алуға даяр тұратындары да аз емес.
Негізінде ата-аналар балаларын өз жағына қарай тарта берудің орнына әркім өзін қарсы тараптың орнына қойса, түсінбеушілік өздігінен шешіледі. Сондай-ақ қыз тарапы ұл жағына өтіп ұлдың жақтаушысы болып, ал ұл тарапы қызды жақтауға тырысса екі жақта да бір-бірін разы қылуға деген жарыс басталып, екі жақ та тыныш болады. Ғасырлар бойы мұсылмандар осылай әрекет еткен. Мұсылмандар мұны пайғамбарымыздан үйренген.
Расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк қызы Рукийә анамыз күйеуі хазреті Османды шағымданып келгенінде пайғамбарымыз: «Ей менің қызым! Егер Аллаһу та’аланың разылығын және менің разылығымды қаласаң, бір сәтке де аялдамай үйіңе бар, Османның аяқтарына жығылып, кешірім сұра. Әйтпесе Хақ та’аланың құзырында да, менің құзырымда да орның қалмайды» деп көп кідіртпей үйіне қайтарды.
Ата-аналардың балаларының ішкі мәселелеріне араласа беруінің себебі ата-ананың тым балажан келуінен, жақсы көргендіктен болатын дүние. Бұл қалыпты нәрсе, алайда шектен аспауға мұқият болу керек. Барлық мәселеде болатындай жақсы көру мәселесінде де шектен аспай, тепе-теңдікті, тыныштықты бұзбайтын орта жолды ұстану керек. Хадис шәрифтерде де «Істердің ең жақсысы – уасат (орта жолда) болғаны», «Тым асыра сілтеген адам құриды» делінген. Ата-ана да, балалар да хақ-құқықтарының шегін біліп, бұдан аспауға мән беруі керек.