Untitled Document

Мақала... Әлеуметтік желі тәуелділігі

Технологияның қарқынды дамып жатқан замандамыз. Осы дамудың жемісі болған интернет, гаджет сияқты өнімдерді орынды, шектеулі қолданбаған жағдайда, біршама келеңсіздіктерге жол ашатыны - ақиқат. Әлеуметтік желіге тәуелділікті қалай анықтауға болады? Мамандар мына тізімдегі ерекшеліктер қаншалықты сізге тән болса соншалықты тәуелді екеніңізді аңғаруға болатынын айтады: «Күніне бір сағаттан астам уақыт әлеуметтік желіде отыру. Әр 5-10 минут сайын телефонды ашып қарау. Әлеуметтік желіде өтетін уақыттың бара-бара аздық етуі. Ақпараттарды тым көп бөлісу, күнде жазба жариялап, оған адамдардың талдау жазуын күту, “лайк” күту. Әлеуметтік желіге кірмеген кезде өзіңізді жайсыз, ашулы, жабырқаулы сезіну. Қылт етсе, сәл мүмкіндік туса әлеуметтік желіге кіруді қалап тұру. Cабақта, жұмыста, отбасы ішінде күнделікті жауапкершіліктеріңіз бен міндеттеріңізді кешіктіруге себеп болу...» Мамандар бұл індеттің алдын алу үшін төмендегі ерекшеліктерді орындауға кеңес береді: Әлеуметтік желіде отырған уақытты белгілеп жүру, шамадан аспауын қадағалау. Әлеуметтік желі қосымшаларының ескертулерін дыбыссыз күйге келтіру. Негізгі беттегі әлеуметтік желі қосымшаларын көрінбейтін келесі бетке орналастыру. Әлеуметтік желіде өтетін уақыттың күніне 30 минуттан аспауын қадағалаңыз, мәселен түске дейін - 15 минут, түстен кейін - 15 минут. Мерзім толғанда, дереу жауып тастаңыз. Адамдармен жазбаша түрде емес, қоңырау шалып немесе көзбе-көз кездесіп сөйлесіңіз. Спорт, кітап оқу, секілді өзіңіз ұнататын белсенділіктерге уақыт бөліңіз. Достармен кездесулерді жиілетіңіз. Осы аталғандарды орындағанмен де тәуелділіктен құтыла алмасаңыз психологтың көмегіне жүгініңіз. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031