Untitled Document

Ғибрат... Қайырлысын тілеу керек

Ең үлкен байлық – қанағат болып табылады. мал-мүліктің көп болуы кей адамның игілігіне себеп, ал кей адамның кері кетуіне, жамандығына себеп болуы мүмкін. Хазреті Омар: «Ертең кедей, мұқтаж болып қалсам еш ренжімеймін. Бай болуды да ойламаймын. Өйткені қай бірінің мен үшін қайырлы болатынын білмеймін» деген екен. Дұға еткенде не нәрсе сұрасақ та, «қайырлысын бере гөр!» деп тілеу керек. Қайырлы өмір, қайырлы дүние-мүлік, қайырлы жұбай, қайырлы бала-шаға тілеу керек. Мына қалауым міндетті түрде болсын деп тілеу - қауіпті.    

Мұса алейһиссалам Тури Сина тауына бара жатқанында бір кедей: «Йа, Аллаһтың пайғамбары, мен мына кедейлік халіме шыдай алмаспын. Дұға етші, Хақ та’ала маған көп мал-мүлік, байлық берсін»,- дейді. Мұса алейһиссалам: «Қайырлысын бер деп сұра!» - дегенде, «Жоқ, мен бай болсам болды, сен дұға етші, мен бай болғым келеді»,- деп жалына береді. Мұса алейһиссалам дұға еткенінде, Хақ та’ала Мұса алейһиссаламның құрметіне дұғасын қабыл етеді. Біршама уақыт өткен соң тәртіп сақшыларының әлгі кісіні өлім жазасына алып бара жатқандығын көреді. Не болғанын сұрағанда: «Бұл кісі кедей еді, аз уақытта байлыққа кенелді. Бірақ байлықты көтере алмады. Бұзылып, азғындап кетті. Байлығына сеніп есіріп кеткені соншалық, біреуді өлтіріп қойды. Енді өлім жазасына әкетіп барамыз»,- дейді.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031